Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абай Асылхан актриса Жанель Мақажанмен қалай үйленгенін айтты

Шоу-бизнес
Абай Асылхан актриса Жанель Мақажанмен қалай үйленгенін айтты

Танымал актриса Жанель Мақажанның күйеуі Абай Асылхан Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат беріп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жанель ханым менен 8 жас үлкен. Мен Жанельді басынан араласқан кезден оның бірінші отбасы болғанын, одан екі баласы бар екенін білдім. Мен ол кезде студентпін, менің ешқандай ойым болған жоқ. Кейін бір жобаны бірге бастаған кезде оған деген жылулық пайда болды», дейді ол.

Оның айтуынша, Жанель Мақажанға үйленуге нақты шешім қабылдаған кезде ата-анасы мүлдем қарсы болған. 

«Өзіңнен 8 жас үлкен, екі баласы бар, ағайынның сөзі бар, ұят болады, қалай болады деп ата-анам айтты. Сөйтіп біз көп сынақтардан өттік. Қазақстанның өзі екіге бөлініп кетті. «Табалдырық көрген қатынды қайтесің, дуалап алды, тележкасы бар қатынды қайтесің», деген сөздер көп айтылды дейді Абай Асылхан.

Фото: instagram.com/janellemakajan 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу