«Қаламағандай болды»: Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен қарым-қатынасы жайлы шындықты айтты
Аға-бауырдай болған қарым-қатынас өткеннің еншісінде қалғанын атап өтті.
Белгілі әнші Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен араласпай кеткенін айтып, қарым-қатынасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.
Әншінің айтуынша, олар бұрын өте жақын араласқан.
Шынымды айтайын, Димашпен қазір байланыс жоқ. Екі-үш ай бұрын студияда көрісіп қалдық. “Қалай жағдай, бәрі жақсы” деп бір-екі минут сөйлестік, болды. Туған күнімізбен бір-бірімізді құттықтамаймыз. Бір-бірімізбен хабарласпаймыз, – дейді әнші.
Журналистің “неге” деген сұрағына Димашпен Қытайға дейінгі байланысы мен қазіргі байланысы басқа екенін айтып, “оның уақыты жоқ шығар” деп болжайды.
Мүмкін бұл (достық қарым-қатынас) оған керек те жоқ шығар. Мен “ұялы телефон нөмірін алмасайық” деп едім, қаламағандай болды. Мен сонымен қойдым. Сұрамшақтанғанды ұнатпаймын. Таңдауы шығар. Кез келген адамның таңдауын құрметтеймін, – дейді ол.
Аға-бауырдай болған қарым-қатынас өткеннің еншісінде қалғанын атап өтті.
Қазір соның бәрі артта қалды, – дейді Әлішер Кәрімов.
Фото: әлеуметтік желі