«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева сәбилі болуды армандайтынын айтты

Айтыскер өзіне де бұл сұрақ жиі қойылатынын алға тартты.

Сабина Асқарқызы

  • 13.03.2025

Айтыскер ақын, бүгінде желілік маркетингпен айналысып жүрген кәсіпкер Айнұр Тұрсынбаева қоғамдағы өзекті мәселесіне қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жақында бір пост оқыдым… Орысша… Адамның жүрегін ауыртатын сұрақтар жайлы… Шындығында адамға сұрақ қойғанда ойланбайды екенбіз ғой. Мысалы, басы бос туысымызды немесе танысымызды көре қалсақ «неге үйленбейсің» деп бас саламыз... Қыз бала болса тіпті жаман… «Әй, неғып жүрсің, күйеуге тимейсің бе» деп түрткілей жөнелеміз… Ауыр ма?! Ауыр…

Қыздардың жасы 25-тен асқанда өздері де жалғыздықтан депрессияға кіре бастайды, және ол келін болудан қашып жүр деп кім айтты сізге?! Қалауындағы жігіт кездесіп, аламын деп тұрса есі дұрыс қыз бас тарта ма?! Адам болмаса біреудің үйіне өзі барып кіріп ала ма?! Осымен қалып кетемін бе деген үрейде жүрген адамды одан сайын тығырыққа тіреп тастаймыз. Үйінде отырып қалған қызы бар танысымызға да тыныштық жоқ… «Қызың неғып отыр?!», «Үйленетін ойы бар ма?». Перзентінің өз бақытын тапқанын қай ана қаламайды құдай-ау?! Ана жүрегіне ауыр ма?! Ауыр… деді ол.

Сондай-ақ айтыскер көп балалы ана болуды армандағанын да жасырмады.

Мен көп перзентім болса деп көп армандадым… Қаралмаған жерім жоқ! Бір жерге барсам «осы сен неге тағы туып алмайсың» деп сұрамаса екен деп отыратынмын… Әсіресе көпшілік жерде.. Жүрегіме біз тығып алғандай әсер ететін… Ал перзент сүйе алмай жүрген қаншама адам бар… Көріп қалсақ, бас саламыз… «Жас кезіңде туып алсаңшы», «Қашан барамыз шілдеxанаға?!»… Бала күтудің қаншалықты қиын екенін жақсы түсінем… Жаның жабығып жүргенде осындай сұрақтар одан сайын езіп жібереді-ақ. Әсіресе жұрттың көзінше… деп ағынан жарылды ақын.

Фото: instagram.com/aidyn_nury

 

Байланысты жаналықтар

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

31.03.2025

Айнұр Тұрсынбаева ажырасқан соң тойға да шақырмай қойғанын айтты

26.03.2025

Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имаштың әзілі жұртты күлкіге қарық қылды

28.02.2025

Қаржылық пирамидалардың жұмысы тоқтатылды

20.02.2025

«Халықты тонауды қоймапты»: Айнұр Тұрсынбаева желілік маргетинг компаниясын ашты

05.02.2025

Келген қонаққа төрін бермеген Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі сынға қалды

24.01.2025
MalimBlocks
«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті

Айнұр Тұрсынбаева ажырасқан соң тойға да шақырмай қойғанын айтты

Өнер иесі осыдан тоғыз жыл бұрынғы күйін еске алды.

Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имаштың әзілі жұртты күлкіге қарық қылды

Айтыскер ақын видеоны желіде жариялады.

Қаржылық пирамидалардың жұмысы тоқтатылды

«Халықты тонауды қоймапты»: Айнұр Тұрсынбаева желілік маргетинг компаниясын ашты

Таныстыру рәсімін Алматыда өткізген.

Келген қонаққа төрін бермеген Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі сынға қалды

Желі қолданушылары "Нойс" атымен танымал Нұржан Иманәлиевтің әрекетін сынаған