«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті

Сабина Асқарқызы

  • 31.03.2025

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ата-аналарға кеңес беріп, балаға ауыр сөз айтып, қорқытуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Егер балаларыңыздың тұлға болғанын, еркін ойлай алатын, рухты азамат болғанын қаласаңыз әйеліңізді бақытты қылыңыз! Әйел ашынса отбасының берекесі кетеді. Өзінің ата-анасын жамандай беретін адамдардан алыс жүріңіз. Бала-шағасын қарғай беретін әйелге жақындамаңыз. Қанша ашуланып тұрсаңыз да, айналаңызға уыңызды шашпаңыз. Балаларға ешқашанда «жоғал, құрып кет, иттің баласы, үніңді өшір, аузыңды жап» деп айтуға болмайды. Ананың әрбір сөзі – дуа! Тілі таза адамның ділі таза, рухы биік, – деп жазды.

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті.

Өзгеруге ешқашан кеш емес! «Балам өскенде қыздардың бәрі артынан жүгіреді, қызым өскенде бүкіл жігітті ғашық қылады» деген сөздерді айтуға болмайды. Баланы «бірдемеге ұшырайсың» деп қорқытуға болмайды. Өз ата-анасынан қорқатын бала өзгелерге пікір айта алмайды, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

19.05.2025

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

19.05.2025

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе