Қаржылық пирамидалардың жұмысы тоқтатылды

Malim Админ

  • 20.02.2025

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен осы жылдың 8-10 ақпаны аралығында еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды операция жүргізді, нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30%-ына дейін пайда табуға уәде берген.

Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді.

Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген ақпаратта.

Фото: © Sputnik/Абзал Калиев

Байланысты жаналықтар

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

10.04.2025

Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық ісі бойынша тергеліп жатыр: айтыскердің өзі не дейді

10.04.2025

Енді таксистер туристерді алдай алмайды

08.04.2025

Салымшылардың ұрланған ақшасы Freedom Finance топ-менеджерлеріне аударылған – жәбірленушілер

04.04.2025

«Ұятсыздар». Әнші Бүркіт алаяқтарға үндеу жасады

28.03.2025

«Фридом Финанс» қызметкерлері алаяқтыққа қатысты шағым бойынша тексеріліп жатыр

26.03.2025
MalimBlocks
Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық ісі бойынша тергеліп жатыр: айтыскердің өзі не дейді

Оның үстінен елуден астам адам шағым түсірген.

Енді таксистер туристерді алдай алмайды

Ербол Мырзабосынов жаңа жоба қолға алынғанын алға тартты.

Салымшылардың ұрланған ақшасы Freedom Finance топ-менеджерлеріне аударылған – жәбірленушілер

Freedom Finance құрылымындағы алаяқтық істер бойынша жәбірленушілер салымшылардың ұрланған ақшасы топ-менеджерлерге аударылғанын айтты

«Ұятсыздар». Әнші Бүркіт алаяқтарға үндеу жасады

Әнші алаяқтарға алданатын қариялар көптігін айтты.

«Фридом Финанс» қызметкерлері алаяқтыққа қатысты шағым бойынша тексеріліп жатыр