Қазақ актрисасы шетелдік фильмде басты рөлде ойнауға шақырту алды

Фильм 2025 жылдың аяғында көрсетілуі мүмкін

Сабина Асқарқызы

  • 27.11.2024

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Нөгербек Netflix фильміне шақырту алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының мәліметінше, актриса Карлаг жайлы тарихи фильмге түседі.

"Театрымыздың белді актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық иегері Нөгербек Алтынай Бауыржанқызы NETFLIX фильміне шақырту алды. Танымал актриса Netflix-тің Карлаг жайлы фильміне түспек. Құрметті Алтынай Бауыржанқызы, барша театр ұжымы атынан сізді шын жүректен құттықтаймыз!" - делінген жазбада. 

Фото: instagram.com/kaztheatre