«Сағат санап басым қатты». Қайрат Нұртастың анасы ұлына арнап жазба жариялады

Продюсер ата-ананы баласымен сынаған ауыр екенін айтты.

Сабина Асқарқызы

  • 10.07.2024

Ұшақтағы төбелесі үшін 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлына арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Танымал продюсер әншейінде тез өтетін уақыт жылжымай қалғандай деп ренішін жеткізді.

Әшейінде «күндер зулап өтіп бара жатыр» деп ренжуші едім... Кім ойлаған таңым да атпай, кешім де батпай, тоқтап қалғандай боларын. Әр сағат пен өткен күнді санап басым қатты. Алла күш-қуат берсін! Толассыз ағылып жатқан хаттарыңыз үшін аналық жүрегіммен алғысымды айтамын! Сынақ қой, ештеңе етпес, сіздер де жігерлі болыңыздар! Кімнің басынан не өтпейді, иә, бұлт артынан күн шығатынын ұмытпайық! Бес саусақ бірдей емес, бір ананың баласы мүгедек, бірі баласынан айырылып жатыр, бірі перзент сүйе алмай жүр, соның бәрін Алла тәубесіне келсін деп көзіңе көрсетіп қояды екен. Иә, тәубе, ең бастысы, балам аман! Ана атаулы өз баласын қатты жақсы көрсе, ал ұлың сүйген жарын қатты жақсы көрсе, Алла сонысымен қатты сынайды екен. Көз жастарыңыз тек қуаныштан болсын! – деді ол. 

Айдарбекова ұлының жүрегінің кеңдігіне де тоқталып, Бибігүл Төлегенованың Қайратты сынаған сәтін еске салды.  

«Ана» әнінде экраннан Бибігүл анамыздың суреті шығады. Тура сол кезде апамыз «Қайрат – жер» деп біраз сағын сындырып еді. Ұлым: «Қоя беріңіздерші, қарттық қой ештеңе етпес, Бибігүл анамызды да қосыңыздар, ол кісіге де арнаймын» деді. Сол кезде ұлымның жүрегінің кеңдігіне менімен бірге көмекшілеріміз де таңғалып, көзіне жас алып еді. Адамдар соңғы кезде кекшіл, өсекшіл болып барады, ел болып түзелеміз бе десек, күннен-күнге лаулаған оттай өршіп барады. Бір қазақпыз, қанымыз да, жанымыз да қазақ, неге ойланбасқа, ұрпағымыз бір қазақ емес пе? – деп жазды продюсер.

Фото: instagram.com/kair_n

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген