Сейфуллин Жолбарыс бұрынғы әйелімен қайта қосылды ма?

Әншінің әйелі бірге түскен суретін жариялаған.

Сабина Асқарқызы

  • 25.02.2025

Қазақстандық танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс бұрынғы әйелі Екатерина Вайтпен қайта қосылды деген сыбыс бар, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін өнер иесінің әйелі сұхбат беріп, екі жаққа кеткендерін айтқан еді. Дегенмен жұлдызды отбасы Шымбұлақ кешеніне демалуға бірге барған. 

Бүгін Шымбұлақтамыз! Қанатты жолмен серуендемегелі біраз жыл өтіп кетіпті. Түбінде тұрып, қадірін білмейміз. Осы бақытты күнімізге шүкір! Төрт көзіміз түгел, деніміз сау, деп жазды Екатерина Вайттың өзі. 

Одан кейін жұлдызды жұп Шымкентке бірге барып, достарының қуанышына ортақтасқан. 

Фото: instagram.com/s_zholbarys_official