«Тағдырға бағындым». Бағым Мақсатқызы марқұм күйеуіне ән арнады
Екеуі 2001 жылы шаңырақ көтерген.
Қазақстандық танымал продюсер, музыкант Бағым Мақсатқызы марқұм жолдасына арнаған әнін көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
Естеріңізде болса, продюсер Әділжан Юсупов осыдан бірер күн бұрын өмірден өтті.
Біздің соңғы суретіміз. 23 жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Саған осы әнді өзіңе ғана арнап орындағаным ұнаушы еді деп ойлаймын, деп жазды Бағым Мақсатқызы.
Әділжан Юсупов – отандық музыка индустриясындағы белгілі продюсер. Ол дарынды әнші, продюсер Бағым Мұхитденованың күйеуі. Ерлі-зайыптылар 1997 жылы танысып, 2001 жылы отбасын құрған.
Фото: instagram.com/bagym_m