Танымал әзілкеш Даут Шайхисламов іздеуде жүрген әйеліне қатысты шындықты айтты

Ол бұл айыптаудың Алёна Панамарёва тарапынан қолдан жасалғанын атап өтті

Сабина Асқарқызы

  • 30.01.2025

Белгілі қазақстандық әзілкеш Даут Шайхисламов өзінің жары Дана Орманбаеваға қатысты заңсыз қудалау жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, Алматы тергеу сотының Дананы сырттай қамауға алу туралы қаулысы заңды күшіне енбеген.

Мен заңға сеніп келдім, бірақ енді белгілі болды: үнсіздік – шешім емес. Шындықты ашық айту және әділдікке қол жеткізу уақыты келді!, деді Даут Шайхисламов өзінің видеоүндеуінде.

Ол бұл айыптаудың "Blogerskii Pizdesh" арнасының авторы Алёна Панамарёва тарапынан қолдан жасалғанын атап өтті.

Дауттың сөзінше, Алматы тергеу сотының шешімі адвокаттар тарапынан Алматы қалалық сотына шағымданғандықтан, әлі заңды күшіне енген жоқ.

Алайда, бұқаралық ақпарат құралдары осы әлі күшіне енбеген қаулыға сүйеніп, жалған ақпарат таратып, апелляциялық сотқа қысым көрсетіп жатыр.

Бұл – әділ сот төрелігінің бұзылғанын көрсетеді ! Сот тәуелсіз болуы тиіс, бірақ қазір біз қоғамдық пікірді айлакерлікпен манипуляциялау мен алдын ала теріс көзқарас қалыптастыру әрекеттерін көріп отырмыз, – деді Даут Шайхисламов.

Ол өз видеоүндеуін кеңінен таратып, бұл жағдайды мүмкіндігінше көп адам білуі керектігін айтты.

Барлығы шындықты білсін! Дана әрқашан адамдарға көмектесіп, әділдік пен игіліктің жағында болды. Бүгінде ол сіздердің қолдауларыңызға мұқтаж!, деп сөзін аяқтады Даут Шайхисламов.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Блогер Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

25.01.2025
MalimBlocks
Блогер Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды