Танымал блогер Айя Шалқар омыртқасын сындырып алды

Айяның айтуынша, оқиға 1 қаңтарда қысқы демалыс кезінде болған

Сабина Асқарқызы

  • 14.01.2025

Белгілі қазақстандық модель әрі блогер Айя Шалқар қарда жүретін көлікте болған апат салдарынан омыртқасын сындырып алды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Айяның айтуынша, оқиға 1 қаңтарда қысқы демалыс кезінде болған.

Қазір бірнеше жерден омыртқамды сындырып алғаннан кейін қалпына келіп жатырмын. Бұл шағын апат қардағы сафари кезінде болды. Қазір жаттығулардан басқа барлық күнделікті істеріме қайта оралдым, толықтай сауығып келемін, сондықтан қатты алаңдауға негіз жоқ. Мұнда тек амандасып, сіздердің махаббаттарыңыз бен қолдауларыңыз үшін алғыс білдіру үшін кіріп отырмын. 2025 жылды дәл осылай – арқамды сындырып бастаймын деп еш ойламаппын, деп жазды модель.

Фото: instagram/aya_shalkar

Байланысты жаналықтар

Танымал блогер ораза ұстаған халықтың сынына қалды

03.03.2025

Танымал блогер 17 жастағы жігітті қағып өлтірді

28.02.2025
MalimBlocks
Танымал блогер ораза ұстаған халықтың сынына қалды

Блогердің әзіл видеосы көпшілікке жақпай қалды

Танымал блогер 17 жастағы жігітті қағып өлтірді

Оқиға Қырғызстанда болған