Танымал блогер 17 жастағы жігітті қағып өлтірді
Оқиға Қырғызстанда болған
Қырғызстандық танымал блогер 25 ақпанға қараған түні BMW маркалы көлігін тізгіндеп, скутерге соқтығысты. Жол апаты салдарынан 17 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Марқұмның ағасының айтуынша, көлікті танымал блогер әрі кәсіпкер Манас Эгембердиев басқарған. Оның сөзінше, блогер оқиға кезінде жоғары жылдамдықта келе жатқан. Сонымен қатар, ол інісін құтқарып қалуға мүмкіндік болғанын, алайда жедел жәрдемді шамамен бір сағат күткенін айтады. Бұған қоса, блогер жазадан құтылуға тырысып жатыр деп күдіктенеді.
Қалалық патрульдік полиция қызметінің баспасөз қызметі 24.kg ақпарат агенттігіне берген мәліметінде, жүргізушіге жасалған сараптама оның оқиға кезінде есірткі немесе алкоголь қолданбағанын көрсеткенін хабарлады. Барлық жиналған материалдар тергеу бөліміне тапсырылған. Автокөлік айып тұрағына қойылды, бірақ жүргізуші әлі қамауға алынған жоқ.
Фото: видеодан кадр