freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жол апаты: екі адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға түсті

Оқиға
Жол апаты: екі адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға түсті

Ақмола облысында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы мен ГАЗ-53 жүк көлігі соқтығысып, жол апатынан екі адам қаза тапты,  деп хабарлайды  Malim.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Тағы жеті адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы 10 тамызда Астана – Петропавл тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған екі көлік жол бойында соқтығысқан.

Апат салдарынан шағын автобуста болған екі жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Mercedes-Benz Sprinter көлігінің тағы алты жолаушысы мен ГАЗ-53 жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі таңда полиция жол апатының нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу