Павлодар облыстық мәслихатының депутаты әрі Aqtogai Milk кәсіпорнының иесі Александр Терентьев алты жұмысшының қаза болуына байланысты ұсталды. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды.
Қайғылы оқиға 20 шілдеде Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы кәсіпорын аумағында болған. Өндірістік жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезінде алты адам қаза тапты.
Павлодар облысының полиция департаменті депутаттың ұсталғанын растады. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Іс бойынша барлығы үш күдікті ұсталған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция әзірге істің басқа мән-жайын жариялаған жоқ.