freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақ үйдің жаңа кеңесшісі 1 қыркүйекте қызметіне кіріседі

Әлем
Ақ үйдің жаңа кеңесшісі 1 қыркүйекте қызметіне кіріседі
Видеодан скрин

АҚШ президенті Дональд Трамп 1 қыркүйектен бастап Уилл Шарф Ақ үйдің кеңесшісі қызметіне кірісетінін мәлімдеді. Бұған дейін ол Ақ үй аппаратының хатшысы болған, деп хабарлайды Malim.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.  

Шарфқа дейін бұл лауазымды Дэвид Уоррингтон атқарған. 

Мен үшін 1 қыркүйектен бастап Уилл Шарфтың президенттің көмекшісі және Ақ үйдің заң кеңесшісі қызметіне кірісетіні үлкен мәртебе, — деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Жазбада Уоррингтон қызметі барысында асқан шеберлік танытып, президенттік кампания кезінде қыруар жұмыс атқарғаны, ендігі жерде ол жеке секторға ауысқаны жайлы айтылады.

Шарф көптеген сот ісі барысында Трамптың мүддесін қорғаған. Олардың қатарында Жоғары соттағы істер де бар. Сол себепті президент жаңа кеңесшінің жұмысымен таныс.

Шарф еңбек жолында федералдық прокурор, қорғаушы болған, Федералдық аппеляциялық соттың екі төрешісінің көмекшісі қызметін атқарған. Сондай-ақ Принстон университеті мен Гарвард құқық мектебінің үздік студенті атанған. 

Уилл қатал, мықты әрі ақылды адам. Ол өз елін сүйетін және заңды құрметтейтін азамат. Ақ үйдің жаңа заң кеңесшісі қызметін мінсіз атқарады деп сенеміз, — деп жазды Трамп.

CBS News деректеріне сай, Шарф Принстон университетін тәмамдап, Гарвард құқық мектебінің заңгер дипломын алған. 2020-2022 жылдары Миссури штатындағы ауыр қылмыстарды тергеу бөлімінде федералдық прокурордың көмекшісі болған. 

Ақ үйдің кеңесшісі — бас заңгер болып есептеледі. Ол президент пен оның командасына заңгерлік қолдау көрсетеді.

Америкалық басылымның хабарлауынша, 2019 жылы Палата өкілдері қатарында демократтардың саны басым болып, Трамптың командасының тарапына сотқа шақыру қағаздары қарша бораған. Нәтижесінде бұл бірінші импичментке әкеп соқты. 

Айта кетерлік жайт, Трамп Шарфтың тағайындалуы туралы хабарды ел Сенаты Тодд Бланшты АҚШ Бас прокуроры лауазымына тағайындаған күннің ертесіне жариялап отыр. Тодд Бланш бұрын оның жеке қорғаушысы болған еді.



 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу