freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еліміздің үш қаласында жүргізушісіз көліктер сынақтан өтеді

Оқиға
Еліміздің үш қаласында жүргізушісіз көліктер сынақтан өтеді
SberAutoTech

Қазақстанда шартты және жоғары деңгейде автоматтандырылған басқару жүйесі бар автокөліктерді енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бұл туралы Kazinform-ге сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  

Жоба үш жыл бойы Астана, Алматы қалаларында және Ақмола облысының Қосшы қаласында жүзеге асырылады. Сынақ жұмыстары арнайы полигондарда да, жалпы пайдаланымдағы жолдарда бекітілген маршруттар бойынша да жүргізіледі.

Пилоттық жобаға қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады. Қатысуға рұқсат алу үшін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне ілеспе хат пен тиісті міндеттемелерді қабылдау туралы өтініш беруі қажет.

Көлік құралының қозғалысын қашықтан жұмыс істейтін оператор бақылап отырады.

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда пилоттық жобаға қатысушының өкілі оқиға орнына 30 минут ішінде келіп, жол-көлік оқиғасына дейінгі және одан кейінгі жағдайды толық әрі үздіксіз бейнетүсіріліммен қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар әрбір автокөлік үшін үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтеу жағдайына кемінде 60 млн теңге көлемінде сақтандыру рәсімделуі қажет. Сақтандыру полисі пилоттық жобаға қатысудың бүкіл кезеңінде қолданыста болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Көлік министрлігінің бірлескен бұйрығы 2026 жылғы 21 тамыздан бастап күшіне енеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу