Қазақстан 60 критикалық минералдың 20-сы бойынша дайын өнім жеткізу мүмкіндігіне ие. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Malim.kz.
Министрлік бұл көрсеткіштің АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) белгілеген 60 критикалық минерал тізіміне қатысты екенін хабарлады.
Ал Қазақстан мен Еуропалық одақ критикалық шикізат саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті. Тараптар осы бағыттағы жол картасын іске асыруды жалғастыруға уағдаласты.