freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 160-тан асты

Әлем
Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 160-тан асты
Анадолы

Колумбиядағы құтқару жұмыстары екінші күнге ұласты. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елдегі соңғы онжылдықта алғаш рет тіркелген қуатты жер сілкінісінен қаза болғандар саны 164-ке жетті. Бұл туралы Reuters.жазды. 

Құрбандар саны одан әрі артуы мүмкін. Полиция, әскери қызметшілер және еріктілердің қатысуымен құтқару бригадалары түні бойы іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді.

10 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:34-те Колумбияның батысында 7,4 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Салдарынан Перейра және Кали қалаларында көп қабатты ғимараттар қирап, Манисалес қаласындағы тарихи шіреудің мұнарасы опырылды.

Шамамен 2,2 миллион адам тұратын Калиде он шақты ғимарат толығымен қирады, бұл тұрғындарды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті.

Қалалық аурухананың бірнеше жоғарғы қабаты құлады, оның бір бөлігінде балалар бөлімі орналасқан. Кейбір науқастар үйінді астында қалды. Тағы 600 адам медициналық көмекке жүгінді.

Перейрада тұрғын үйлер тұтас бетон үйінділерге айналды.

Бірнеше күн бұрын ғана қызметке кіріскен Колумбия президенті Абелардо де ла Эсприелья жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстарын өз бақылауына алатынын мәлімдеді.

-Колумбия халқы үшін қиын-қыстау кезеңде қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - деді ол.

Колумбиядағы жер сілкінісі 6 мыңнан астам адамның өмірін қиған екі бірдей жойқын жер сілкінісінен кейін әлі қалпына келе қоймаған көршілес Венесуэлада да сезілді.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты.




 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу