Танымал өнер иесі Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты сәтін бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол шаңырақ көтерген жас жұбайларды құттықтап, оларға ұзақ ғұмыр, береке мен бақыт тіледі.
"Отау тіккен күндерің құтты болсын, балапандарым! Бақытқа бөленіп, алтын тойға жетіңдер", – деп жазды Света Айтбаева.
Өнер иесінің бұл жазбасы көпшіліктің назарын аударып, оқырмандар да жас отбасыға жылы лебіздерін білдірді.
Еске сала кетейік, Света Айтбаева бұған дейін ұлы Мансұрдың Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін тәмамдағанын жазған еді.