freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Олжас Бектенов қызметтерді цифрландыруды тапсырды

Экономика
Олжас Бектенов қызметтерді цифрландыруды тапсырды
Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін цифрландыруды жеделдетуді және оларды көрсету үшін белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтері – инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тікелей ықпал ететін факторлардың бірі. Алайда бизнес өз нысандарын коммуналдық инфрақұрылымға қосу үшін көп уақыт жоғалтады. Мұндай қызметтерді көрсетуге қатысты өтінімдерді қарау мерзімдерін созбай, жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету қажет»,

— деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов. Ұлттық экономика министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, екі ай ішінде монополия субъектілерінің белгіленген мерзімдерді қатаң сақтай отырып, қызметтерді цифрлық форматта көрсетуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу