freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді

Қоғам
Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді
Фото: ІІМ

Алматыда Канье Уэсттің концерті өтетін күні полиция күшейтілген режимге көшеді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Концертке кіреберісте көрермендер міндетті түрде тексеруден өтеді. Стадион аумағына тек билеті немесе аккредитациясы бар адамдар ғана кіргізіледі.

Көрермендердің стадионға ұйымдасқан түрде кіруі үшін үш жақтан 40 бақылау-өткізу орны қарастырылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, концертке 40 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде.

«Концерт өтетін күні полиция стадионның аумағы мен оған іргелес жерлерде патрульдеуді күшейтеді», – деп мәлімдеді Алматы полициясы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу