457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Үйде Абылай ханның шапаны бар". Динара Сәтжан тағы да мақтанды

Белгілі журналист Динара Сәтжан отбасында құнды жәдігер сақтаулы тұр.  Бұл туралы Skifnews.kz сайтына сілтеп Malim.kz хабарлайды. 

«Менің атам Хамзе Сәтжанов 2002 жылы Ұлттық музейге шапан ұсынды. Ол – Абылай ханның шапаны. Біздің үлкен атамыз Байдалы би Абылай хан қайтыс болғанда көңіл айтуға барған. Сол кезде Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным қандай сыйлық аласыз деп сұраған. Сонда атамыз осы қызыл шапанды таңдаған. Егер қателеспесем тағы жылқы берген.  Сол шапан әулетімізде қанша жыл сақталып келді. Сандықта сақтады, Кеңес үкіметі кезінде жердің астына көміп те қойған. Атам ол шапан туралы қанша жыл бойы ешкімге айтпаған.

2 апта бұрын Ұлттық музейдегі көрмеде болғанда, шапан қайда екенін сұрадым. Олар оны1 жылға консервацияға бергенін айтты. Егер ол көп уақыт ілініп тұрса, шашылып кетеді екен», – деді ол. 

Фото: instagram/dinarasatzhan