2022 жылы табыс көзінің артуы инфляциядан жоғары болады

  • 23.11.2021

Қазақстан азаматтарының күн көріс деңгейін төмендетіп алмау мемлекеттің басты міндеті десек, бұл сұрақтың маңызы коронавирус келгелі бергі эпидемиологиялық жағдайға байланысты тіпті арта түсетіні түсінікті. Осыған байланысты, 2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш екі мәрте өсіпті. Мұны министрлік өкілдері елдегі карантин жағдайындағы туған қиындықтардың алдын алу үшін қабылданған шешім деп түсіндіреді. Бір жылда 5 пайыздан екі  мәрте, жалпы көрсеткіші 10 пайыздық өсім жасау миллиондаған қазақстандықтың табысының өсуіне ықпал етті. 2020 жылғы түйінді нәтиже – 34 302 теңге ең төменгі күнкөріс деңгейі мен 2917 теңге айлық есептік көрсеткішті құрады.

Ал, енді 2022 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш тағы 5 пайызға индексацияланбақ. Бұл 1 қаңтардан бастап 6,7 миллион қазақстандықтың табысын көтеруге мүмкіндік береді екен.   Бұл туралы Еібек және халықты әлеуметтік қорғау минситрлігі:

«2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі – ЕТК) мен айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінің артуы мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 млн адам кірісінің өсуіне әкеледі, ал ең төменгі жалақының (бұдан әрі – ЕТЖ) ұлғаюы экономиканың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,6 млн адам кірісінің өсуін қамтамасыз етеді. Азаматтарды қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін белгілеу үшін Қазақстанда ЕТК және АЕК қолданылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, жыл сайын белгіленеді. Осылайша, Үкімет, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуін болдырмау үшін тұрақты шаралар қабылдауда», - деп хабарлады.

Нәтижесінде, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі – 36 018 теңгені, сәйкесінше, айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңгені құрайтын болады. Бұл өсім жекелеген адамдарға шаққанда онша бір көзге көрінбейтіндей болғанымен, руспублика бюджетіне аз күш түсірмейді. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге қарастырылып отыр. Мұның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 млрд теңге кетеді екен. Бұл бюджет қаржысы 4,2 миллион адамның табысын арттырады. Бұл 4,2 миллион қазақстандық – зейнеткерлер мен әлеуметтік жәрдемақы алатындар. 2,3 миллион зейнеткердің ынтымақты зейнетақы мөлшері 7 пайызға артады. Бұл инфляция деңгейінен 2 пайызға жоғары. Ал, базалық зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 5 пайызға көтеріледі. Нәтижесінде жалпы зейнетақы мөлшерін ұлғайту үшін ркспублика бюджетінен бөлінетін қаржының көлемі 138,3 миллиард теңгеге, әлеуметтік жәрдемақыға  52,1 миллиард теңгеге артады.

«Бұдан тыс ЕТК деңгейінің өсуі атаулы әлеуметтік көмек алатын 900 мыңнан астам адамның кіріс деңгейіне де оң әсер етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ мөлшері ағымдағы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылатын болады. Осылайша ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі 41%-ды құрайды. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл шара барлық саладағы әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,6 млн адамның ақшалай табысының өсуіне алып келеді. Бірінші кезекте ЕТЖ көтерілуі «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер, қызметкерлердің басқа даа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады», - дейді жауапты ведомство өкілдері.

Бұл жалпы жағдай десек, бюджет саласында қызмет істейтін азаматтардың жалақысын өсіру бағытында да жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл тарапта ең алдымен 2020 жылдан бері кезең-кезеңімен өсіп келе жатқан педагогтардың жалақысын айту керек. Мұғалімдердің жалақысы артқалы бері өзге салада жүрген педагогикалық білімі бар азаматтар мектепке жұмысқа тұруға ұмтыла бастады. 2023 жылға қарай педагогтардың жалақысы тағы екі есеге өсетінін ескерсек, бұл көрініс енді тіпті жиілей түсетіні анық. Бұдан бөлек 2021 жылы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталғаны белгілі. Төрт жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артатынын ескерсек, бұл бағыттағы мамандардың сапасы айтарлықтай жоғарылайды деуге болады. Жалпы, жалақысы аз деп есептеліп келген екі негізгі бағыттағы оң өзгерістер жоғары білімі бола тұра өзге салаларда жүрген білікті мамандарды өз бағытыныа қарай тартуда үлкен роль атқарып жатқанын айта кету керек.

Мұғалімдердің жалақысы көбейгенде кітапханашылардың жалақысы қалай болады деген мәселе қозғалған. Тіпті, бірнеше жерде мектеп кітапханашылары арнайы үндеу жасап, жалақысын өсіруді талап еткен. Енді 2022 жылдан бастап бұл бағытта да біраз шаруа атқарылады. Тек мектеп кітапханашылары ғана емес, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлердің жалақылары жоғарылайды. Жалпы, республика бойынша 588 мың адамның айлық табыстарын өсіру туралы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек, жалпы  саны 1,2 миллионға жуық адамды құрайтын сала мамандарының жалақысы жоғарылайды деп күтілуде.

Еібек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықтың табысының артуы инфляциядан озып келе жатқанын айтады. Яғни, теңгенің құнсыздану көрсеткіші мен азаматтардың жалақысының өсуі арасында айырмашылық бар. Мысалы, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша халықтың атаулы табысы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға өскен, бұл инфляция деңгейінен – 6%-ға артық. Яғни, жалақы мөлшері 6 пайызға артты деуге болады. Ал, осы кезең көрсеткіші бойынша орташа жалақы көлемі 243,7 теңгеге жетіпті. Бұл өткен жылдың үшінші тоқсанынан 19% артық. Бұл да инфляциядан 9,8%-ға жоғары.

Не де болса, келер жылы 6,7 миллион қазақстандықтың табыс көзі ұлғаяды. Инфляция мен азық-түлік және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттау деңгейі тұрақталса, азаматтардың әл-ауқаты жақсара түседі дегенге сенім мол.

Байланысты жаналықтар

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024
MalimBlocks
Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!