Әл-Фараби мұрасы әлемге ортақ

  • 04.04.2023

 

Қазақта, қазақ қана емес, бүкіл түркі жұрты, ОРта Азия, тіпті, әлемде деп айтса да болады, ғылым, ілім, тәрбие, білім туралы сөз болғанда ешкім аттап өте алмайтын бір есім бар. Ол әлемнің екінші ұстазы атанған, ұлы ғұлама, бір өзі бір академия деуге болатын атақты Әбу Насыр әл-Фараби. Ғұламаның музыкадан бастап астрономияға дейінгі шексіз ғылымды, әлемді, ғаламды таныту тұрғысындағы еңбектері осы күнге дейін қаншама зерттеуге арқау болды екен, қаншама ғалымға қолдау болды екен. Бірақ, түпсіз шыңырау, шексіз кеңістік, көз жетпес биік ғұламаның мұрасының түбіне жеттім, толдым деген ешкім жоқ. Жыл сайын түрлі конференциялар, форумдар, халықаралық жиындар, ондаған, жүздеген жаңа жинақтар, мыңдаған диссертациялар мен кітаптар шығып жатады. Ұлылық деген осндай болса керек.

Қазақстанда ұлы ғұламаның атын иемденген университет, бірнеше кітапхана, орталықтар жұмыс істейді. Бұл орталықтарда үзіліссіз әр түрлі іс-шара өтіп жатады. Соның әр қайсысының өзінше арқалар жүгі, атқарар ролі бар. Сондай жиындардың бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті. II Фараби форумы басталды. Форум Әл-Фараби орталығының 30 жылдығына арналып ұйымдастырылыпты. Тақырыбы сан қырлы ғұламаның философиялық іліміне арналыпты. «Тіл философиясы және Әбу-Насыр әл-Фараби философисының тілі» деп аталатын үлкен шараның басты мақсаты – ғұламаның мұрасы арқылы бүгінгі қоғам өркендеуінің рухани және тарихи сондай-ақ философиялық негізін қоғамға жеткізу. 

Аталған жиынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев бастап ашты.

«Бүгінгі халықаралық форум әл-Фарабиді заманауи талдау мен терең зерттеуді талап етеді. Біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Әл-Фараби туралы барлық ақпараттарды біріктіру керек. Тарих шежіресіне мықтап енген ойшылдың еңбектерін өскелең ұрпаққа жеткізуіміз керек»,-деді ректор.

Айтса айтқанда, осы күні ұлы ойшыл, философтың еңбегіне таласушылар да, өзіне қарай тартқысы келіп тұратындар да аз емес. Себебі, оның жүріп өткен жолы Азиядан бастап, мфсырға дейінгі аралықты алып жатыр. Сол себепті, мұндай жиындарда ең көп айтылатын мәселе тізе қосу, күш біріктіре отырып, өзіміздегі бар мен өзгенің қолындағы деректерді бір біріне жалғап, ғалым әлемін аша түсу басты мәселе.

Биылғы екінші форумда да осы мәселе кеңінен сөз болды. Осыған орай шетелден арнайы делегаттар келіп, ғалым мұрасына қатысты өз ойларын ортаға салып қана қоймай, алдағы атқарылуға тиіс міндет, мақсаттарды бірге ойласу жайын сөз қылды. Мәселен, форумға елшілік қызметкерлері де қатысты. Бұл деген сөз әл-Фарабиді зерттеу тек ғалымдардың, зерттеушілердің шаруасы ғана емес, мемлекетаралық байланыс деңгейінде тұр дегенді білдіреді. Солардың бірі:

«Фарабиді толғандырған негізгі мәселе – дін және философияның байланысы мен интеграциясы. Ол Ислам діні мен грек даналығының арасында қайшылықтың жоқ екенін, егер қайшылық болған күннің өзінде мәселенің сыртқы көріністерімен байланысты деп есепген. Өткен жылы Ислам революциясының көшбасшысы және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуі барысында әл-Фараби еңбектерін зерттейтін ғылыми комитет құру мәселесі қозғалған. Бүгінгі күні бұл идея жүзеге асуда»,- деді Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы Мухсин Фағани.

Бұдан бөлек, форумда бірқатар шетелдік қонақтар сөз сөйледі. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мұхаммед аш-Шаххат Әл-Джинди, Өзбекстанның Алматыдағы Бас консулы –Аброр Фатхуллаев сияқты алыс-жақыннан келген қонақтар өз ойларын ортаға салды. Иә, бұл ауқымды ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүшелері, Қазақстандағы шетел консулдары, шетелдегі әл-Фараби орталықтарының бірқатар өкілдері мен фарабитанушы дипломаттар мен ғалымдар, Нидерландия мен Түркия, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген жас ғалымдарда қатысқанын да айта кетуіміз керек. Әсіресе, шетелдік жас ғалымдар мен отандық зерттеушілердің мұндай жиындарда бір бірімен танысып, алдыңғы буыннан үлгі үйреніп, бұдан ары бірге жұмыс істеуге мүмкіндік туатыны сөзсіз.

Жалпы, ұйымдастырушылар бұл форумның бірнеше күнге созылатынын айтады. Одан бөлек мұндай жиындардың қатысушыларға не беретінін былайша түсіндіреді:

«Қатысушылар ғылым мен білімнің интеграциясына, қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік және зияткерлік мәдениетін жетілдіруге қатысты кең ауқымды өзекті мәселелерді талқылайды. Бөлімдер аясында әл-Фараби шығармаларындағы тіл философиясының мәселелері, пайымдауларды қалыптастырудағы логикалық-тілдік қатынас, «сыртқы сөйлеудің» логикамен байланысы тіл мәселесін зерттеу призмасы арқылы қарастырылады. Әбу Наср әл-Фараби шығармаларындағы философия қарастырылады. Форум аясында әл-Фарабидің тіл философиясы ойлау мен тілдің арақатынасы жай ғана талданбай, тілдің, сөздің, сөйлеудің коммуникативті рөлін ашатын зерттеу саласы ретінде негізделіп, танудағы дискурстың әртүрлі формалары анықталады, философия тілі араб тілінде философиялық категориялардың терминологиялық құрылымы ретінде ұсынылатын болады».

Форумда «Әбу Насыр әл-Фараби мұралары мен әлемдік психологиялық ғылымның дамуы», «Әл-Фарабидің тәрбие тілі: Мәдениетаралық қарым-қатынас және ұлттық болмыс контекстіндегі тұлға», сонымен қатар, өзге де  тақырыптарға арналған өзекті мәселелер арасындағы пікірталас алаңдары құрылады. Ақиқат пікірталастан туады десек, халықаралық форумдағы әр түрлі көзқарастар мен пікір қайшылықтары бізді ұлы ғұламаның шетсіз де шексіз әлеміне жақындата түсетіні сөзсіз. «Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді», - дейді ұлы ойшыл. Өмір бойы өзін өзі жетілдірудің, дамытудың үлгісі де осы ұлы бабамыз. Тарихи деректерде оның жетпіске жуық тілді меңгергендігі туралы жазылады. Ғылым мен білімді кеңінен зерттеген, жер жерді аралап, барлық ғылым салалары мен өнерді зерттеп, парсы араб, грек, латын сынды көптеген тілдерді үйренген. Ол кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас мол тәрбие мен білімді және  асыл мәдениетті мұра ретінде қалдырды.

Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы мен тәрбиесі тамыры тереңде жатқан үлкен ілім. Ол түркі ойшылдарының ішіндегі ең атақтысы сондай-ақ әлемнің екінші ұстазы атанған . Ұлы филосовтың еңбектері мен тастап кеткен мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, Фараби ілімі мен тәрбиесін жіті зерттеп, ұрпақтар сабақтастығына айналдыру басты міндетіміз.

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін