Алматыда ашылған қос мектеп – қаланың шет аймағын жандандыра түседі

Алматы қаласының көршілес екі ауданында заманауи екі мектеп пайдалануға берілді.

  • 28.11.2022

 

Қазіргі уақытта Өңірлерді дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Оның негізгі бағыты, әрине, білім-ғылымды жетілдіру. Әлбетте, білім ордасы ретінде ең алдымен мектеп аталады. Ал, мектептердің жағдайы елдегі немесе белгілі бір қала немесе аймақтағы білім-ғылымның негізгі көрсеткіші саналады.

Алматы қаласы Қазақстандағы ең үлкен мегаполис ретінде халық ең шоғырланған қала. Тиісінше, мұндай үлкен қалада мектептердегі орын жетіспеушілігі жиі сезіледі. Қазақстанның Ата заңында «Ең басты құндылық – адам» екені жазылған, осыны ескерсек, балалардың мектепте еркін жүруі, өз уақытымен білім алуы өте маңызды. Президент биылғы жолдауында үш ауысымды мектептерді жою туралы тапсырма да берді. Бұл жағынан Алматы қаласында атқарылып жатқан шаруалар аз емес. Мәселен, биылғы оқу жылының өзінде бірнеше мектептің ашылғаны туралы ақпарат шыққан. Енді міне, күздің соңына қарай тағы екі мектеп пайдалануға берілді. Оның бірі Алматы қаласы Алатау ауданының «Ботакөз-2» ықшам ауданынан ашылса, екіншісі Наурызбай ауданының «Достық» шағын ауданынан ашылды.

Бұл әрқайсысы бір ауысымда әрқайсысы 1500 оқушының білім алуына мүмкіндік беретін екі мектеп тиісінше №208 және 209 мектеп-гимназиясы аталады. Екі мектептің де екі ауысым бойынша жұмыс істейтінін ескерсек, бұл екі мектеп қазіргі таңда 6 мың оқушының жаңа әрі заманауи ғимаратта, қысылып-қымтырылмай білім алуына мүмкіндік береді деген сөз.

Аталған екі аудан да салыстырмалы түрде жаңа аудандар. Алатау ауданы да, Наурызбай ауданы да ең соңғы ашылған жаңа аудан, демек, бұл қаланың шет аймағына таяу орналасқан мектептерге сұраныс аз емес. Қала маңы мен қала шеті тұрғындарының жыл өткен сайын көбейіп келе жатқанын ескерсек, бұл аталған екі мектеп баласын қаланың ортасына немесе көршілес аудандарға тасуға мәжбүр болып жүрген ата-аналар үшін өте пайдалы. Бұл азаматтардың әл-ауқатын жақсарту тұрғысында да көптеген мүмкіндіктер береді.

Әзірге екі мектепке де өтініштер келіп түсіп жатқанмен, аталған орын саны әлі тола қойған жоқ. Бірақ, бұл уақытша құбылыс саналады. Себебі, қазір оқу жылы басталып кетті, көптеген оқушылар басқа оқып жатқан мектептерін қиып, ауыса қоймайды. Ауысса да, орын саны жетіспей жатқан мектептерден ауысуы мүмкін. Негізгі өтініштер келесі оқу жылынан бастап түсе бастайды. Яғни, екі мектеп те келер жылы толық күшпен жұмыс істейді деген сөз. Ал, қазір Наурызбай ауданында орналасқан №208 мектеп-гимназиясында 37 сыныпта 960 оқушы білім алмақ. Толық қазақ мектебінде сабақтар қазақ тілінде жүргізілетін болады. Ал, Алатау ауданындағы № 209 мектеп 2851 оқушыға арналған, мұнда қазір 109 сынып бар. Бұл мектеп аралас мектеп, сабақтар қазақ және орыс тілінде жүргізіледі екен.

Мектептердің құрылысы ұзақ уақыт бойы дайындалыпты. Сондықтан, заманауи үлгідегі озық ғимараты бар мектептер деп атауға толық негіз бар.

«Жаңа мектептер типтік жобалар бойынша салынбаған. Жобалау кезінде білім ошақтарына қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды. Олар заманауи сәулетімен, жан-жақты ойластырылған кеңістік дизайнымен, кең сыныптары және қоғамдық кеңістігі  бар эргономикалық интерьерімен ерекшеленеді. Мектептердің оқу кабинеттері интерактивті панельмен, SMART тақтамен және заманауи үлгідегі жиһазбен жабдықталған. Спорт залдардың төбесі мен қабырғасы дыбыс өткізбейтін панельмен қапталған, бұл спорттық іс-шара өткізу кезінде өте ыңғайлы, дыбысты оқшаулайды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер Face ID қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Ата-аналар балаларының мектепке кіріп-шыққанын біліп отырады», - деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі.

Демек, Алматы қаласындағы бұл қос мектеп орын жетіспеушілігіне әжептәуір ықпал етеді және Алматы қаласының шет аймақтарының дамуына үлкен ықпал етеді деп есептеуге болады.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады