«Алматылық адам атқыштың» үйінен тағы қару табылды

Бес адамды атып өлтіріп, өмір бойына сотталған Игорь Дужновтың әйелін көшіру кезінде үйінен қару табылған. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады.

Malim Админ

  • 28.07.2023

Игорь Дужновтың «Ақбұлақ» ықшамауданындағы Сыздықов көшесіндегі үйінен әйелін көшіру кезінде қару табылды. Қазір оқиға орнында Алатау аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады ПД. Игорь Дужновты халық 2021 жылдың қыркүйегінде сот шешімімен үйінен шығаруға келген сот орындаушыларына оқ жаудырып «алматылық адам атқыш» деген атпен таниды.  Сол атыста бес адам қаза тапты, оның ішінде екі учаскелік полиция инспекторы, сот орындаушысы, үйдің жаңа қожайыны және оның досы болған. 2022 жылдың сәуірінде Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Алматы қалалық сотының судьясы Еркін Майшынов Дужновтың жасаған қылмыстарын аса ауыр санатқа жатқызған. Өйткені бес отбасы әкесіз және асыраушысыз қалған.