Ана мен баланы қорғау – мемлекеттің назарында

  • 16.03.2023

 

ҚР Конститутциясының 27-бабының 1-тармағында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекетттің қорғауында болады делінген. Қазіргі таңда елімізде ана мен баланы қорғау әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты ретінде қарастырылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет» екенін айтқан.

Ана мен баланы қорғау әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі. Республикамызда ана мен баланы әлеуметтік қолдау, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандырудың көп деңгейлі жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 2021 жылдан бастап көп балалы отбасыларға берілетін барлық әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 5 пайызға өсті. Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік жәрдемақылардың мынадай түрлері қолға алынып, мөлшері өсті: 

  • бала туғандағы біржолғы жәрдемақы
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайынғы жәрдемақы
  • 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақы
  • Кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі мүгедек бала күтімі бойынша, 18 жастан асқан бала кезегінен бірінші топтағы мүгедек адамға берілетін жәрдемақы

Әр мемлекеттің басты байлығы – адам. Елімізде әр адамның денсаулығы, амандығы мен құқығына басты назар аударып отыр.  Ана мен баланы қорғау ол – мемлекеттік, медициналық мекемелер мен медициналық шаралар, аналарды мадақтау, баланың дүниеге келуі мен тәрбиеленуіне жағдай жасау, ана мен баланың денсаулығын қамтамасыз ету, жанұяға жан – жақты қолдау жасау. Ана мен бала денсаулығы болашақтың кепілі, Мемлекетіміздің демографисы мен экономикасына, мәдениетіне қуат күшінің қалыптасуы. Ананың жағдайын жүктілік кезінен бастап қорғау басты назарда. Тіркелулер мен медициналық ем шаралар , ананы психологияқ қолдау, денсаулығын назарда ұстап отыру, окушерлік-гинекологиялық қолдау, түсік тастаудың алдын алу басты назарда. Және босанғаннан кейінгі ана мен баланың денсаулығын қадағалап тұру, диспансерлік бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға, өз баласын тәрбиелеуге және орта біліммен қамтамасыз етуге міндетті. Бала тәрбиесіне байланысты ата-ананың құқықтары мен міндеттері тең. 

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.