Арыс тұрғындарымен бірге саяси реформаларға қолдау көрсеттік
Жалпы қазіргі жастарға, кітапхана оқырмандарына ақпаратты жеткізу кітапханашы ретіндегі менің міндеттерімнің біріне жатады. Сондықтан Түркістан өңіріндегі саяси науқандарға тұрақты қатысуды жөн көремін. Былтырғы референдум, сайлауларға атсалысып, үн қостым. Байқағаным – ел өзгерістерді қалайды.
Референдум дегеніміз не? Референдум – бұл жалпыхалықтық дауыс беру. Онда мемлекеттің болашағына байланысты маңызды мәселелердің шешімі шығарылады. Әдетте референдумның күн тәртібіне "иә", "жоқ" немесе "келісемін", "келіспеймін" деп жауап беруге болатын сұрақтар енгізіледі. Референдумды маңызды заң жобасын қабылдауда, сондай-ақ Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде өткізеді. Қазақстанда референдум қалай өткізіледі? Елімізде "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заң бар. Бұл құжатқа сәйкес, республикалық референдумға мемлекет үшін маңызды Конституциялық жобалар, заңдар мен шешімдер бойынша халықтың дауыс беруі деген анықтама берілген. Референдумды өткізу құқығы мемлекет басшысына беріледі. Референдум ел аумағын түгел қамтиды. Азаматтар оған ерікті түрде қатысады. Қатысушылардың жасы 18-ден жоғары болуы тиіс. Референдумға сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылғандар, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар қатысуға құқылы емес. Қазақстанның басқа азаматтарының референдумға қатысу құқығын кез келген тікелей немесе жанама түрде шектеуге жол берілмейді және ол заңмен жазаланады.
Референдум ашық және жария түрде өткізіледі. Референдум өткізу туралы шешім және оған қойылған мәселелер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Түркістан облысының халқы назарына жеткізілсе, Арыс қаласының орталық кітапханасы оқырмандар назарына «Саяси жаңғыру мен жаңару жолы» атты кітап көрмесін жасақтады. Іс-шара барысында Президентіміздің ұсынған оң өзгерістері мен реформаларының іске асуына, Әділетті Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екендігі жеткізілді. Референдум көпшілік арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отырғандығын туралы айтылды. Мен үшін нақты іс пен шынайы өзгеріс бәрінен маңызды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Референдум қорытындысы біздің мемлекеттігіміздің тарихында мүлде жаңа дәуір басталғанын көрсетеді. Халқымыз өз таңдауын білдіру арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға ұмтылысын көрсетті. Жасампаз ел болуға деген ықылас-ынтасын байқатты. Жалпы елімізді дамыту үшін бірігіп көп жұмыс атқаруымыз керек. Жаңа Қазақстан құру жолындағы таңдауымды менде №376 референдум учаскесіне барып жасадым.
Менің ойымша, референдум өз нәтижесін беруде. Бұл саяси қадамның мәні туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында баспасөз конференциясында жақсы түсіндірді.
Соның ішінде ерекше қызықтырғандарына тоқтала кетейін.
Біріншіден, Президенттің жақын туыстары үшін саяси лауазымдар мен квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды атқаруға шектеу қойылады. Екіншіден, Президенттің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуына шектеу қойылады. Үшіншіден, бұдан әрі Президенттің өңірлер әкімдерінің актілерінің күшін жою және тоқтата тұру, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерін босату құқығы алынып тасталуы жоспарланған. Бұл Президенттің "супер-президенттік басқару үлгісінен" бас тартып, ықпалды Парламентті қалыптастыруға бағыт алғнын көрсетіп тұр.
Конституциядан Тұңғыш Президент мәртебесіне байланысты барлық норманы алып тастау көзделген. Мәселен, 1) Бірінші Президентке 2 реттен артық сайлану мүмкіндігімен; 2) оның қызметін жекелеген Конституциялық заңмен реттеумен; 3) Тұңғыш Президент іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің және және оның мәртебесінің өзгермеуімен байланысты 3 норма алып тасталады. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Мемлекеттік институттар тек халықтың атынан осы ресурстарды басқарады.
Сондай-ақ ол Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың және өзге де соттардың төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы мен мүшелері саяси партияда, кәсіподақтарда бола алмайды және олардың қандай да бір партияны қолдауына тыйым салу қарастырылуда.
«Референдумға 1 мәселе – Конституцияға түзетулер қабылдау мәселесі шығарылады. Егер 11 қаладағы халықтың көпшілігі «жақтап» дауыс берсе, онда түзетулер қабылданды деп есептеледі. Егер бұл көрсеткішке қол жеткізілмесе, онда түзетулер қабылданбаған болып саналады. Неліктен мен 11 қала туралы айтып отырмын, түсіндіремін. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық Заң бойынша референдумға шығарылатын мәселе, егер ол үшін өңірлердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Айта кетейін, қазір Қазақстанда17 өңір бар (жаңа 3 облысты құру туралы Жарлық – олар Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі), осылайша 17 өңірдің үштен екісі 11 өңірді құрайды.Осыған байланысты Конституцияға түзетулерді қабылдау толығымен халықтың еркіне байланысты болады», деді вице-министр.
Мәжіліс депутаттары алдында жылына 2 рет республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беретін жоғары аудиторлық палата құру, әрі құқық қорғау институттарын күшейту көзделіп отыр.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және заңдылықты жоғары қадағалауды жүзеге асыратын Бас прокурордың мәртебесі Конституцияда бекітіледі, кейін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Прокуратура туралы тиісті конституциялық заңдар қабылданады. Мәжілістегі депутаттар саны қысқарады. Ассамблеяның квотасын – 9 депутаттық мандатты алып тастау ұсынылады. Нәтижесінде Мәжілісте 98 депутат болады. Бұл 98 депутат аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың бір бөлігі партиялық тізімдер арқылы, екінші бөлігі кандидатты халықтың тікелей сайлауы арқылы сайланады. Міне, осы бастамалардың біразы жүзеге асып үлгерді. Бұл – референдумның нәтиже бергенін көрсетеді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде атап өткендей кез келген өзгерістер бірден орындалмайды, ол кезең-кезеңімен жасалынады. Бұл халық игілігі мен амандығы үшін ең дұрыс шешім. Осылайша біз жаңару, жаңғыру жолды таңдай отырып елімізде әділдік және әділетті ел қағидаттарының дамуы үшін маңызды қадамдар жасаймыз
Айдана Оңал,
Арыс қалалық орталық кітапхана кітапханашысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.