"Болашақ" бағдарламасы: мәдениет және спорт саласының қызметкерлері тағылымдамадан өте алады

Malim Админ

  • 27.07.2021

Биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өте алатын мамандық иелерінің тізімі кеңейтілді. Енді мәдениет және спорт саласының қызметкерлері де "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өте алады.

Жалпы, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері, педагогтар, инженер-техниктер мен мемлекеттік қызметкерлерді ғылыми тағылымдамадан өткізуге биыл 110 стипендия бөлінді.  Бұл санаттағы мамандық иелері шетелдік жетекші оқу орындары, зерттеу орталықтары, зерттеу компаниялары, ғылыми өндірістік ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан өте алады.

Тағы 500 стипендия жаңа "ғалымдар" санаты бойынша берілмек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін тапсырған болатын. Бұл тапсырма "Болашақ бағдарламасы бойынша іске асатын болды.

Мәдениет және спорт саласының қызметкерлері тағылымдамадан өте алатын, осы салаға маманданған әлемдегі жетекші оқу орындары көп. Мысалы, New York Film Academy, University of the Arts London, Scuola Musicale di Milano және т.б.

Енді театрдың шығармашылық ұжымының қызметкерлері, әртістер, режиссерлар, өнертанушылар бір жыл бойы өздері шақырту алған оқу орнында біліктілігін арттырып, тәжірибесін шыңдай алады.

Мәдениет және спорт саласының қызметкерлеріне тағылымдамадан өту үшін қойылатын талаптар өзге санаттағы тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаппен бірдей. Ол – кемі үш жылдық жұмыс өтілі, оның ішінде соңғы 12 ай таңдаған мамандығы бойынша жұмыс өтілі болуы тиіс. Сонымен қатар шетелде тағылымдамаға қабылдаушы тараптың шартсыз шақырту және мемлекеттік тіл білу деңгейін көрсететін KazTest сертификатының B1 деңгейінен кем емес нәтижесі болуы шарт.

«Бұрын мәдениет және спорт саласының қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтпеген. Елімізде осы салалардың дамуын қолдау мақсатында қажетті жұмыстар жасалды. Енді мәдениет және спорт мамандарында әлемнің беделді шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдарында өздерінің кәсіби деңгейін арттыру мүмкіндігі бар», – деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президентінің міндетін атқарушы Данияр Мұқитанов.

Тағылымдамадан өту үшін кепілге жылжымайтын мүлік қойылмайды. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін соңғы 12 ай ішінде тұрақты табысы бар 50 жасқа дейінгі екі Қазақстан азаматын кепілгер ретінде ұсыну жеткілікті.

"Болашақ" бағдарламасының іріктеу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау  28 қазанға дейін жалғасады.

Фото: Pixabay.com

 

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін