Бүгінгі Алматы. Шаһар аудандарының әлеуеті

Malim Админ

  • 29.09.2022

Алматы қаласында өңірлерді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар ұдайы назарда. Осыған орай қала әкімі  Ерболат Досаев жыл соңына дейін халықпен 24 кездесу өткізеді.  Бір тоқсанда 8 ауданның тұрғындарымен бір-бір кездесу жоспарланып отыр.

Жақында  әкім  Алатау ауданының  тұрғындармен кездесу өткізіп, талап-тілектерін тыңдады. Қала әкімі осымен  Алатау ауданы тұрғындарымен екінші мәрте кездесті.  Биыл ауданда  инженерлік инфрақұрылым жұмыстары қарқын алып отыр. Бүгінде Ақбұлақта – 28,74 шақырым, Өжетте – 83,41 км және Самғауда – 37,46 км сумен жабдықтау желісінің құрылысы аяқталды. Олардың жалпы ұзындығы – 207 шақырымды құрайды. Жыл соңына дейін Шапағаттың 1740 абоненті, Қарасудың 1829 абоненті және Алғабастың 500 абоненті су құбырына қосыла алады. Сондай-ақ Шаңырақ-1 шағын ауданында желілер құрылысын аяқтау жоспарда бар. Қалған шағын аудандар бойынша жұмыстарды аяқтау 2023 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Ауданда желілерді іске қосу үшін 18 кәріз-сорғы станциясын салу қажет. Осы мақсатта Алматы қаласының әкімдігі жер телімдерін кезең-кезеңімен алуға ниетті. Қазір Шаңырақ-2 шағын ауданнан 4 учаске алынуда, бүгінде 3 учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Тағы бір өзекті мәселе – жол инфрақұрылымын дамыту. Ауданды аралау кезінде  Шаңырақ-1 шағын ауданының тұрғындары әкімге орталық көше Өтемісұлына жөндеу жүргізу туралы өтініш білдірген болатын. Әкім жұмыс басталғанын, аяқталуы осы  күзде жоспарланғанын хабарлады. Қараша айында Алғабастағы 7 шағын ауданда ұзындығы 53,3 км 47 көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ, тұрғындардың өтініші бойынша 20 аялдаманың құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 50 аялдама салынады. Осылайша Алатау ауданында автобус аялдамаларының жетіспеушілігі мәселесі толығымен шешілуге тиіс. Мектептерде оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін жыл соңына дейін Алатау ауданында 7800 орындық 5 жаңа мектеп салынады. Саялы-2 және Зерделі шағын ауданда әрқайсысы 550 орындық тағы 2 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда.  Саялы-2 шағын ауданда құрылыс қыркүйек айында басталады. Зерделіде құрылыс жұмысы келесі жылдың наурыз айында басталады.

Сондай-ақ, бүгінде ауданда  инновациялық шығармашылықтың көпсалалы орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оған аптасына 5 мыңнан астам бала бара алады. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады.Медициналық қызметтердің сапасын арттыру және қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы Саялы және Қарасу шағын аудандарында күніне 200 адамды қабылдайтын екі дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Бүгінде Алатау ауданында көпсалалы аурухана жоқ. Алматы қаласының әкімдігі диагностикалық және оңалту орталықтары бар перзентхананы қамтитын қалалық көпбейінді аурухана салу туралы шешім қабылдады. Келесі жылы ЖСҚ әзірленетін болады.

Қатты жауын-шашын кезінде жеке тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басу өткір проблема болып қалып отыр. Осы мәселені шешу үшін жыл соңына дейін 81 көшеде 30 шақырым  арық желісі салынады. 6 су бұрғыш коллектор қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, "Халықтық бюджетке қатысу" бағдарламасы аясында соңғы 2 жылда ауданда 60 бос учаске абаттандырылды. Биыл 1 млрд 800 млн теңгенің 36 жобасы жүзеге асырылуда, оның ішінде 24 жоба бойынша жұмыстар басталды. Барлық жобалар ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады. Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Әуезов ауданында да жалғасын тапты. Ауданның дамуы   әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етумен тығыз байланысты.  Биылғы  жылға 1 мектеп ашу, 3 мектепті кеңейту және 2 жаңа мектепті жобалау жоспарланған. Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту үшін ауданда 280 орындық 2 мемлекеттік балабақша салу жоспарлануда. Бірінші балабақша бойынша 120  орынды  Алтын бесік шағын ауданындағы балабақшаның құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Екінші балабақша бойынша шағын аудандағы 160 орынды балабақша үшін ағымдағы жылдың 10 мамырында қараусыз қалған балабақша ғимараты сатып алынды. Құрылысты келесі жылы бастау жоспарлануда, мемлекеттік сараптамадан және қолданыстағы ғимаратты бұзғаннан кейін.  Ауданда денсаулық сақтау саласында емханалардың шамадан тыс жүктелуі өзекті мәселе болып қалуда. Жағдайды шешу үшін 2023 жылдың бірінші тоқсанына ауысымына 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, келесі жылы ауысымына 300 келушіге арналған №18 емхананың жаңа негізгі ғимаратының құрылысы  бастау алмақ.  Ауданның жол инфрақұрылымының сапасын арттыру мақсатында 50 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жыл соңына дейін ұзындығы 32,4 км 23 көше мен өтпе жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарланған. Көлік ағынының шамадан тыс жүктелу проблемасын шешу үшін ағымдағы жылдың мамыр айында метрополитеннің «Сары-Арқа» және «Бауыржан Момышұлы» екі жаңа станциясы іске қосылды. Бұл метродағы күнделікті жолаушылар ағынын 50-ден 70 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Жауын-шашын жауған кезде су басу мәселесі аудан тұрғындарын жиі мазалайды. Аудан бойынша тұрақты су басудың 5 учаскесі анықталды, ТЖ желісі бойынша екі учаске жойылды, 2022 жылдың соңына дейін қалған үш учаске бойынша жұмыстар аяқталады.   Сондай-ақ, әкім 2022 жылдың соңына дейін Сайран су қоймасының түбін механикалық тазарту жұмыстары басталатынын атап өтті. Іргелес аумақты  қатар абаттандыра отырып, су қоймасын қайта құруға ЖСҚ әзірленуде. Әзірлеу аяқталғаннан кейін 2023 жылдың 2 тоқсанында жөндеу жұмыстарына кірісу жоспарлануда.  Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру және басқа да  мәселелерді көтерді. Жақсы көрсеткішке жету үшін әлі жоспарлы жұмыстарды атқару күн тәртібінде тұр.  

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.