Буллинг. Оқушы кемдік көрмеуге тиіс
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті еліміздің бірнеше өңірінде балаларды жәбірлеудің алдын алу, буллингті болдырмау және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмыс принциптері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталғанын хабарлады.

Бала алаңсыз оқып, жақсы білім алу үшін оған ең алдымен қамқорлық керек. Әл-Фараби айтқан «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзді ескерсек, балалар мектеп қабырғасынан бойына тек жақсы қасиеттерді сіңіріп өспегі басты талап. Ал, өз ортасынан кемдік, қорлық көрген оқушы ызаланып өседі, бұл оның психологиясына үлкен күш түсіреді, іштей жарақат алады. Бұл өз кезегінде баланың бүкіл өміріне созылатын ауыр тағдырға әкелуі мүмкін.
Қазір «Жайлы мектеп» бағдарламасы жиі айтылып жүр. Ондағы негізгі мәселе – баланы алаңсыз, жарық, жайлы, мейірімді мектеппен қамтамасыз ету. Заманауи тезнологияға негізделген білім беру жүйесіне қосылған мұндай мектептер күн санап көбейіп келеді. Оған қойылатын талаптар да аз емес. Соның негізгі бір бағыты ретінде буллинг мәселесін атауға болады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл мәселе бойынша біршама жұмыстар атқарып жатыр. Бұрын мұғалім баланы ұруы – қалыпты жағдай сияқты қабылданатын. Ал, қазір мүлде басқа заман. Балаға қол көтермегеннің өзінде, оны өзге сыныптастары алдында кемсіту, балағаттау, немесе өзге де қысым жасау – педагогқа тән қасиет емес. Бұл, әсіресе, ауыл мектептерінде жиі орын алып тұратын жағдай болған. Өйткені, ондағы мұғалімдер кімнің отбасында не болып жатқанын, ата-анасы, ата-әжесі кім болғанына дейін бес саусағындай біліп отырады. Осының салдарынан кейбір үлкендер немесе қатарластары тарапынан баланың (оқушының) психологиясына керісінше әсер ететін кемсіту сөздер айтылмай тұрмайды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті еліміздің бірнеше өңірінде балаларды жәбірлеудің алдын алу, буллингті болдырмау және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмыс принциптері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталғаны жайлы хабарлама таратты.
«Жыл басынан бері буллингтің алдын алу бойынша жаңа ережелермен жұмыс істеу және оны тәжірибеге енгізу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы басталды. Қазір Астана қаласының, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының психологтарымен, әдіскерлерімен, әлеуметтік педагогтерімен, директорларымен, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен және ата-аналар қоғамымен онлайн кездесулер өтіп жатыр», - деп хабарлады Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Балаларға құқықтық және психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету басқармасының бас сарапшысы Жібек Нұржан.
Рас, қазір бұрынғыдай «қол сынса жең ішінде» деп, жасырып қалатын заман емес. Бұл ең алдымен білім, ағарту саласындағы жүргізіліп жатқан реформаны тежейді. Буллингке қатысты түсіндіру жұмысының мақсаты да сол – кемшілікті анықтау және сол арқылы шара қолдану, болашақта болдырмаудың қамын жасау.
Буллингке қатысты мәселе көтерілгелі арнайы ереже де қабылданған. Өөткен жылдың соңында қабылданған балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу ережелеріне сәйкес мұғалімдер мен ата-аналар және оқушылар бір бірімен қандай қарым-қатынас жасау керек, буллинг мәселесін көргенде қалай әрекет ету керек, осы жағдайдың бәрін ендігінің мұғалімдерімен оқушылары білуге тиіс. Тіпті, буллинг сөзінің әлеуметтік қолданысқа ене бастағанына да көп бла қойған жоқ. Бұл сөздің мағынасын білмейтін оқушы болып жатқан жағдайға баға бере алмауы мүмкін. Бұл түсіндіру жұмыстарының маңызы да сонда. Білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайту үшін мамандардың балалармен, ата-ана және мұғалімдермен жұмыс істеу алгоритмдері көрсетілген ережемен таныс болуы аздық етеді. Сыртан арнайы психологиялық қолдау мен ағарту жұмыстары өте қадет. Басқарма басшысының хабарлауынша, бүгінгі таңда екі мыңнан астам вебинарға қатысушыға ережелерді пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Жоспар бойынша түсіндіру жұмысы жеті мыңнан астам мектеп пен колледж, оның ішінде ауылдық мектептерге жүргізілетін болады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.