БҰҰ – Қазақстан: 30 жылдық мерейтой қарсаңында

БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ-ның басты кеңесші, директивтік және өкілді органы және халықаралық мәселелердің барлық спектрін жан-жақты талқылауға арналған форум ретінде қызмет етеді.

  • 11.08.2022

 

Биыл Қазақстанның БҰҰ-ға (Біріккен Ұлттар ұйымы) мүше болғанына 30 жыл толады. Жалпы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы көптеген мерейтойлық даталары атап өтіліп жатыр. Қаншама мемлекеттермен стратегиялық, саяси байланыстардың жолға қойылғаны, қаншама елдерден елшілік ашылғаны, қаншама елдің біздің елден елшілік ашқаны, бәрі-бәрі дәл 1992 жылға тура келеді. Бұл бір романтикалық кезең еді, 70 жыл бойы Совет одағының астында, бодандықта өткен уақыттың, ғасырлар бойы төгілген қазақтың қаны мен көз жасының өтеуіндей болып, көкжиектен Тәуелсіздік таңы атқан, қазақ бөркін аспанға атып жатқан кезең. Халықтар түрмесі атанған Совет өкіметінің тарауы – осы қиырға көз тігіп отырған көптеген елдер үшін қуанышты жаңалық болды. Бәрі жер көлемі жөнінен тоғызыншы орында тұрған, қойны-қонышы толған қазба байлық, жерін шұқысаң мұнай атқылап тұрған Қазақстанмен әріптес болуға мүдделі екенін танытты. Соның арқасында Тәуелсіздік ала салып, Қазақстанның Сыртқы саясаттағы қарым-қатынасы тез арада жолға қойылды. Сол уақытта Қазақстанның елдің алды болып Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болуы да айтарлықтай үлкен оқиға еді...

Иә, 30 жыл. Туған бала азамат болып, ел тізгінін ұстар жасқа келетін кезең. «Елу жылда ел жаңа» деген өлшемді алсақ, Қазақстанның да жаңаруға, жасаруға қадам басар шағы. Бұл жағынан әу бастан-ақ көпвекторлы саясат ұстанған Қазақстан сыртқы қарым-қатынаста «дос болғанға құшақ ашық туыс» екенін әйгілеп-ақ келеді. БҰҰ-ға мүше болғанымызға 30 жыл толған қарсаңда Қазақстанда көптеген өзгеріс басталды. Қаңтар оқиғасынан кейінгі реформалар, сыртқы саясатты қайыра бір ретке келтіру, т.б. мәселелер БҰҰ-ның да назарынан тыс қалған жоқ. Бұған Қазақстанға ресми сапарымен келген БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының Төрағасы Абдулла Шахидтің айтқан сөзі дәлел.

Абдулла Шахидпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді кездесіп, арнайы келіссөздер жүргізді. Әрине, мұндағы негізгі әңгіме арқауы 30 жылдық даталы мерейтой болатыны түсінікті, алдағы уақытта арнайы аталып өтілетін бұл мерейтойдың маңызы туралы қос тарап та сөз қылды. Бұл кездесу туралы:

«Тараптар Қазақстанның биылғы жылы аталатын БҰҰ-ға мүшелігінің 30 жылдық мерейтойының маңызын атап өтіп, COVID-19 пандемиясымен және климаттың өзгеруімен күрес, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық күш-жігер шеңберіндегі одан әрі өзара іс-қимылды талқылады. Сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасылды. Ү.ж. 5 маусымда өткен ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы референдумның маңыздылығын жоғары бағалай отырып, БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың одан әрі демократияландыруға, құқық үстемдігін нығайтуға және адам құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді реформаларына қолдау білдірді», - деп хабарлады Қазақстан республикасы Сыртқы істер министрлігі.

БҰҰ-ның басты миссиясы әлемде бейбітшілікті сақтау, достықты ту етіп, дүниежүзінің тату-тәтті, бай-бақуатты өмір сүруі үшін күресі. Сол себепті, бұл ұйымға мүше елдердің ұстанымы өте маңызды. Өзгеге көз алартпайтын, араздасқандарды татуластыру үшін араағайындыққа жүретін елдердің арасында Қазақстанның да аты жиі аталады. Әскери қақтығыс болған немесе әлдебір табиғи апат болған, террористердің шылауына түскен елдерде арнайы әлеуметтік, әскери миссия орындау үшін қазақстан жасағы жиі шетелге шығып тұратыны белгілі. Осының бәрі сыртқы саясатта кез келген елдің имиджіне әсер ететін факторлар. Одан бөлек, БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының Төрағасы Абдулла Шахидтің сөзінше, Қазақстанның «жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, жаһандық биологиялық қауіпсіздікті нығайту, діни толеранттылық, гендерлік теңдік, теңізге шыға алмайтын елдердің мүдделерін ілгерілету салаларындағы халықаралық бастамаларының, сондай-ақ еліміздің халықаралық қақтығыстарды шешу және Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі күш-жігерінің» көп жағдайда маңызды роль атқаратыны тағы бар. БҰҰ-на мүше болғалы бері әлемдік тыныштықты, ядролық қарусыз әлем туралы бастаманы әлемдік ұйымның мінберінен бірнеше рет айқан Қазақстанның бұл ұйымдағы орны және Қазақстанның дамуындағы, әлемдік аренадағы тұғырын бекіте түсуіне БҰҰ-ның орны ерекше екені ешқандай күмән туғызбайды.

Айта кету керек, Абдулла Шахид БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының Төрағасы болып 2021 жылғы 7 маусымда сайланды. БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ-ның басты кеңесші, директивтік және өкілді органы және халықаралық мәселелердің барлық спектрін жан-жақты талқылауға арналған форум ретінде қызмет етеді. Алдағы уақытта БҰҰ бас штабымен де арнайы шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды