457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Досаев: Қаланы егжей-тегжейлі жоспарлау бойынша барлық айланың жолын кестік

Жоспарға өзгерістер енгізуге жыл соңына дейін мораторий жарияланады.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

 

«Былтыр мамыр айында Үкімет 2040 жылға дейін Қаланың бас жоспарын бекітті, содан кейін оны жүзеге асыру үшін сарапшылар және қала тұрғындарымен талқылаудан кейін біз әр ауданның жаңа жол ережелерін қабылдадық. Алматының болашақ дамуы орта қабатты құрылысқа негізделген. ЕТЖ-дағы барлық айланың жолын кестік, қосымша жыл соңына дейін түзету енгізуге мораторий жарияладым. Егер өзгеріс қажет болса, келесі жылы қарастырамыз», - деді Алматы әкімі.

Сондай-ақ, ЕТЖ-ны әзірлеу кезінде қала тұрғындарының пікірі барынша ескерілгенін, қызыл сызықтар бойынша бұрынғы қате ретке келтірілгенін айтты.

«Бірақ қалада дамудың белгілі бір басымдығы бар екенін және олар әрқашан жеке азаматтардың пікірімен сәйкес келмейтінін түсіну керек. Мысалы, Наурызбай ауданында біз қоғамдық кеңістікті барынша жақсартуға тырысамыз, болашақта барлық үй жер асты тұрағымен және қажетті әлеуметтік инфрақұрылымдармен салынады», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

 

ФОТО: ortcom