Елімізде қазақ тілді сурдоаудармашылар аз     

Malim Админ

  • 13.02.2023

Астанада 1967 жылы құрылған саңыраулар қоғамы әлі күнге дейін азаматтармен  тығыз жұмыс істеп келеді. Жалпы, елімізде «Саңыраулар қоғамы» алғаш 1937 жылы құрылыпты.

«Біздің негізгі мақсатымыз құлағының мүкісі бар азаматтарды тіркеуге алып, оларға оңалту шараларын жасау. Спортқа, мәдени өмірге, еңбекпен қамтуға басымдық беріледі. Қазір 500-ден аса азамат тіркеуде тұр. Олардың 100-ге жуығы арнаулы мектепте, балабақшаларда оқиды» дейді Саңыраулар қоғамының өкілі  Жангелді Рахманұлы. 

Елімізде мылқау және құлағы ауыр естиді деген диагнозбен 100 мыңнан аса адам тіркелген. Бұл орталыққа келгендер ым тілінен сабақ алады. Өздерінің күнделікті жұмыстарынан бөлек, қол қимылы әлемінің әліпбиін үйренеді. 

Отандық телеарналарда көп жылдан бері сурдоаудармашы болып жұмыс істейтін Самал Жантемірқызы да осы орталыққа келіп сабақ береді.

Самал Жантемірқызы  сурдоаудармашылар Қазақстанда тапшы дейді. «Әсіресе қазақтілді мамандар өте аз. Қазір тілімізге көптеген термин сөздер еніп жатыр.  Оларды қазақ тілінде түсіндіру өте қиын. Біз ол кезде қысқартып, мағынасын ғана береміз. Сурдоаудармашыларды кәсіби түрде  оқытуға назар аударылса» деген ұсыныс білдіреді.  

Бүгінде қоғам  қазақ тіліндегі сурдоаудармаға зәру.  Мамандар сағат санын көбейту керектігін айтып отыр. Құлағының мүкісі бар жандар үшін елімізде арнайы оқу орны да жоқ. Тек дефектология саласы бойынша ғана оқытылады. Ал ым-ишара тілін білетін аз ғана мамандарға келетін жандардың саны тіпті көбейіп барады.    

Байланысты жаналықтар

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

22.09.2023

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

20.09.2023

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

20.09.2023

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

18.09.2023
MalimBlocks
Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

Министерство высшего образования разработало проект: родителям предлагают копить на учебу детей по системе "Келешек", сообщает Sputnik.kz.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

Қатты соққының әсерінен мұрыны сынып, ота да жасатқан

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

Алматы облысы Талғар ауданында ауруханада қайтыс болған марқұмның туыстары жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін ұрып кеткен.

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.