Еліміздегі өзгерістерді Түркістанның дамуынан байқаймын
Жаңа Қазақстан құру мақсатында референдумға Түркістан халқы белсене қатысты және оң қабылдады. Ата заңымыздағы өзгерістер мен толықтырулар Оңтүстік өңірге керемет өзгерістер алып келді.
Мен референдумда өз таңдауымды жасап, елдің өсіп өркендеуін таңдадым.
Осы уақытқа дейін 1995 жылғы Ата заңымыз бүкілхалықтық референдум арқылы дүниеге келсе, содан бері уақыт талабына сәйкес, Ата заңымыздың 64 бабына қатысты, 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 жылдарда бес рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліпті. Бұл заңдылық. Заман өзгереді, заң өзгереді деген аталы сөздің түйіні, жауабы. Оның үстіне біздің мемлекетіміз басқа батыс,шығыс елдерімен салыстырғанда анағұрлым жас мемлекет. Қолданыстағы Конституциямыздың 33 бабына өзгеріс енгізілуі туралы мәселе өте ауқымды болғанын ескере отырып, Мемлекет Басшысы Республикалық Референдум туралы заңның 18 бабына сәйкес, референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Республикалық референдум туралы заң IV-тараудан,37 баптан тұрады. Конституциялық реформалар стратегиялық болғандықтан халықтың қолдауы аса қажет. Референдум дауыс берудің ең демократиялық түрі әрі тікелей халықтың еркін білдіреді,ел пікірімен санасудың ең жоғарғы сатысы. Референдум арқылы ұсынылып отырған Конституциямыздың нұсқасында ешқандай бір тармақта, не бапта Президенттің өкілеттігіне артықшылық көрсетілмеген,қайта суперпрезиденттік басқарудан біртіндеп көшіп ықпалды Парламент мәртебесін көтеру, және Президенттің жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге тыйым салыну жөнінде әділдік сипат бар. Сайлау жұйесінде аралас жүйенің ұсынылуы ел арасында қызықшылық тудыруда. Ұсынылып отырған нұсқада «Кеңес» сөзі «Сот» сөзімен ауыстырылған. Ал VII бөлімде Конституциялық сот құрылымы туралы толықтыру бар. Конституциялық сотқа жүгіну құқына Бас Прокурор және Адам құқығы жөніндегі уәкіл ие болады. Сондай-ақ, 83 бапта Адам құқығы жөніндегі уәкілдің мәртебесі конституциялық заңмен айқындалады. Жұртшылықты қызықтыратын бір мәселе - Жер мәселесі. Қолданыстағы Конституцияның 6-шы бабы 3-тармағында «жер мен оның қойнауы,су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа табиғи ресурстар мемлекет меншігінде» болса , ұсынылатын нұсқада «жер мен оның қойнауы, су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа табиғи ресурстар халыққа тиесілі.Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде,шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп көрсетілген. Мемлекет басшысы өзі ой елегінен өткізген, елдің пікірін ұстын етіп, қарқынды дамуымызға арналған барлық саланы қамтитын саяси өзгерістерге толы Ата заңымыздың жаңа нұсқасын референдум арқылы қабылдауға ұсынды. Елдің бірлігі үшін,тыныш тірлігі үшін саяси жұйедегі өзгерістерді таразылап «жеті рет өлшеп бір рет кескен» демекші, референдум арқылы қоғамның барлық санаттарымен санасу,пікір алмасу демократияны көрсетеді. Референдум ашықтықтың, демократияның, саяси теңдікке жетудің ең биік сатысы. Мажоритарлық жүйе жастардың Отанға деген патриоттық сезімін оятқандай. Саясатқа ерте араласқан жастар тың идея мен Жаңа Қазақстанға жаңа серпін береді деп ойлаймын.
Мен бұл жүйені қолдаймын, Әкім – халықтың адамы. Демек таңдауды халық жасау керек. Сонда ғана ауыл өркениетінде алға жылжу белең алады.
Жаңа Қазақстандағы жетістіктерімізге де тоқтала кетейін. Ғасырдан артық уақыт өтседе, тарих беттерінде қаталып, еңбегі ұмыт болмай, уақыт мерзімдерімен бірге алға жылжып келе жатқан Ұлы тұлға Әбу Насыр-әл Фараби мұраларын бүгінгі өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық мәдениет үйінде, Отырар аудандық орталықтандырылған "Отырар" кітапхана жүйесі мен "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей - қорығы және Руханят Әбу Насыр әл Фараби музей бірлесіп ll - облыстық Әбу Насыр-әл Фараби оқуларын өткізді. Байқауға16 үміткер қатысып, Ұлы бабаның трактатарынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Үміткерлердің ішінен оза шыққан ең кішкентай оқырман, киелі үш жүздің басын қосқан Ордабасының үкілеген үмітін арқалап, жастығына қарамай алға шыққан Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қараспан ауылдық кітапханасының оқырманы Ибадулла Шұғыла бас жүлдеге ие болып, тәлімгері Ақжол ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сайтбекова Фарида апайының еңбегін жоғары дәрежеде көрсете білді.
Саялы Сарыағаш қаласында әлем әдебиетінің және ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау мақсатында өткен Түркістан облыстық мәдениет басқармасы және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасы бойынша ең көп оқитын оқырмандармен 2023 жылы қазақ балалар жазушысы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың «балалық шаққа саяхат» атты повесі және Ұлыбританиялық жазушы Джоан Роулингтің «Гарри Поттер» шытырман оқиғалы шығармаларына арналған облыстық «Әлемді кітап арқылы танимын» атты балалар байқауында Ордабасы ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Елшібекбатыр ауылдық кітапханасының оқырманы Абдурахман Әбдіқари Ғалымжанұлы 1 орын иегері атанды.
Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханалар арасында аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруыменен, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы және республикалық «Ақылдым» журналы бірлесіп балаларға арналған «Ақылды балаға – сыйлыққа Ақылдым» атты аудандық акция байқауы өткізілді. Бас жүлде алған Шұбарсу ауылдық кітапханасының оқырманы Жолдас Інжу Ұланқызына облыстық байқауға жолдама берілді. Облыстық Ақылды балаға - сыйлыққа Ақылдым байқауында Шұбарсу ауылдық кітапханасының оқырманы Жолдас Інжу Ұланқызы Қазылар алқасының мүшесі Ұлмира Нұрмаханқызының арнайы сыйлығына ие болып және Ақылдым журналына 6 айға тегін жазылымға ие болды.
Өңір рухани ізденіс үстінде. Ал руханият саяси тұрақты елде дамиды. Реформалардың маңызы осындайда білінеді. Бұл ретте Түркістан қаласының облыс орталығы болып, инфрақұрылымның одан әрі жандануы, ендігі бағыт ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға бұрылғаны бізді қуантады.
Турумбетова Балнұр,
Ордабасы орталық кітапханасының кітапханашысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.