Елордада Pfizer вакцинасын егу басталды

  • 15.11.2021

Бүгін, 15 қарашада елордалық мектептер мен медициналық ұйымдарда тұрғындардың белгілі бір контингентін Pfizer препаратымен вакцинациялау басталды деп хабарлайды қала әкімдігі.

Вакцинацияны алғаш болып алуға ниет білдіргендер арасында жүкті әйелдер, емізетін аналар мен балалар бар.

«Қазақстанға Pfizer препараты жеткізілетінін білгенде, аяғым ауыр болатын. Екпе алатындар қатарына іліккеніме қатты қуандым. Вакцинация өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді. Соңғы мәліметтер бойынша, балалар мен жүкті әйелдер коронавируспен жиі ауыра бастады. Өз басым денсаулық пен қауіпсіздікті қолдаймын!» - деп бөлісті Гүлфайруз Ысқақова.
Осыған ұқсас пікірді аяғы ауыр (16 апта) қала тұрғыны Әсел Адамова жеткізді.

«Біздің еліміз ғана емес бүкіл әлем бұл вируспен қанша уақыттан бері күресіп келеді. Қауіпке жүкті әйелдер де, кішкентай балалар да ұшырай бастады. Жаңа өмір есігін ашатын баламның денсаулығы да, өз денсаулығым да маңызды. Сол себепті екпе алуға келдім. Екпеден қандай да бір қауіп көріп тұрған жоқпын. Мен үшін алдын алу мен қорғану әлдеқайда маңызды. Ең қорқынышты ауырып қалып, алда не күтіп тұрғанын білмеу. Мен бәрін екпені тезірек алуға шақырамын», - деді болашақ ана.

Ал 17 жастағы Торежан Тұрсын екпе алу туралы шешімді бірден қабылдапты.

«Осы жазда отбасымызбен ауырдық. Ауруды өте ауыр өткіземіз деп ойламаған едім. Көп ұзамай оқуым басталды, оффлайн оқуға шықтық. Егер вакцинацияланбасам, ағзамды қорғамасам, қайтадан ауырып қалуым мүмкін екенін білемін. Екпе алудан қорыққан емеспін. Мен үшін ең қорқыныштысы – қайта ауыру», - дейді студент Төрежан Тұрсын.

Сондай-ақ, бүгін №75 мектеп-гимназияның медициналық пунктіне 15-17 жас аралығындағы алты жасөспірім екпе алуға келді. Олардың айтуынша вакцина ғана адамды вирус жұқтырудан қорғай алады.

Естеріңізге сала кетейік, елорда бойынша Pfizer препаратымен вакцинациялауға жататындар арасында 5 мың жүкті әйел, 28 мың бала емізетін әйел адам, сондай-ақ 63 мың бала бар. Осы санаттағы адамдарға тек медициналық ұйымдарда және қаланың білім беру мекемелеріндегі медициналық пункттерде ғана вакцина ала алады.

Қалалық Денсаулық сақтак басқармасы Файзер вакцинасы салынатын медициналық ұйымдар тізімін ұсынып отыр:

 - Қалалық #1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханасы

  - “Достық” отбасылық денсаулық орталығы;

 - “Жанұя”, “Салауатты Астана”, “Шипагер”, “Кировская” ЖШС (барлық филиалдары).

Аталмыш ұйымдар арасында тиісті контингентті вакцинациялау үшін дозалар бөлінді.

Фото: https://astana.gov.kz/kz

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін