Енді Мальдив аралдарына визасыз ұшуға болады

Туризмі дамыған елдер көптеген елдермен визасыз қарым-қатынас жасауға мүдделі. Әрине, сыртқы саясатта тұрақты, сенімді мемлекетпен қандай қарым-қатынасты да жеңілдетуге болады. Бұл ең алдымен азаматтардың қолын ұзартып, қандай мақсатта болса да қалаған еліне ұшып баруына, тез арада шаруасын реттеп, келісімін жөндеп келуге мүмкіндік сыйлайды. Қарым-қатынас жолы оңайлатылса, басқа шаруалар да оңай шешілетіні түсінікті. Бұл тарапта, о бастан-ақ ашық саясат ұстанып келе жатқан Қазақстанның саясаты белгілі, барынша жеңілдік жағын қарастыру. Қазақстан коронавирусқа байланысты енген шектеулерді де елдің алды болып алды. Әрине, қауіпсіздік мәселесі алдымен ескеріледі. Мәселен, жақында ғана Германияға бару үшін енгізілген шектеулер алынып тасталды. Бұл Қазақстанның коронавирусқа байланысты өзге елдерге деген сенім қалыптасқанын көрсетсе керек.
Қазақстан азаматтары енді Мальдив аралдарына визасыз ұша алады. Бұл туралы көптен бері айтылып жүргені мәлім. Себебі, Мальдив аралдары туризмі дамыған, әлемдік деңгейдегі озық елдердің бірі. Мұндай елдерге Қазақстан азаматтарының көптеп барғаны өзге елге ақша шашу емес, сол елден үйрену, сол елмен қарым-қатынас жасау тұрғысында да үлкен маңызға ие. Қазақстан үкіметі біраздан бері айтылып жүрген осы мәселе бойынша Мальдив билігімен келісімге келіпті.
Қазақстан үкіметі:
«Қазақстан Республикасы мен Мальдив Республикасы арасында 9 мамыр 2022 жылы Маледе жасалған виза талаптарын алып тастау туралы екі жақты келісім бекітілсін», - деп қаулы шығарды.
Енді бұл қаулы бойынша, қазақстандықтар Мальдив еліне ғана емес, олар да Қазақстанға визасыз келіп-кете алады. Құжат қазір қолданысқа енген. Қазір екі ел азаматтары екі мемлекетте 30 күнге дейін визасыз жүру құқығына ие.
«Жарамды жол жүру құжаттары бар екі елдің бірінің азаматы бір рет немесе бірнеше рет кіруге, шығуға, транзитке, екінші мемлекеттің территориясында кірген күнінен бастап есептегенде 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін уақытша тұру үшін виза талаптарынан босатылады», - делінген келісімде.
Бұл келісімге келу биылғы қаңтар айынан басталып, 30 сәуірде келісімге қол қою туралы келісілген.
Жалпы, сыртқы саясаттағы барыс-келісті барынша жеңілдету Қазақстанның ең басты ұстанымдарының бірі деуге болады. Себебі, экономика бюрократиялық шектеулер азайтылғанда және қауіпсіздік пен сенімділік жолға қойылғанда ғана дамиды. Өзге елдермен әріптестіктің қаншалықты дамығанын, жолға қойылғанын шекара бекеттеріндегі қарым-қатынас қана емес, әуе қатынасындағы, құжаттық тексерістерге қатысты да қарым-қатынасы арқылы анықтауға болады. Екі ел арасындағы қатынас коронавирус өршіп тұрған кезде де арнайы қарастырылып, бірқатар жеілдіктер қарастырылған. Соның бірі - 2021 жылғы қазан айында Қазақстан мен Мальдивтер елі өз азаматтарына екі елдің шекараларын өту кезінде COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамаларын беру міндеттемесінен босатып, оның орнына вакцинация паспорттарын өзара мойындау туралы құжатқа қол қойған. Бұл екі ел арасындағы байланыстың қандай деңгейде екенінің бірден бір көрсеткіші саналса керек.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.