Ғылым мен өндіріс. Өскемендегі кеңестер

  • 03.04.2023

 

Ғылым мен тәжірибені ұштастырған ел озады. Өндіріс ғылымға сүйенгенде ғана зор жетістікке жететінін осы уаққа дейін талай ел дәлелдеп тастады. Өйткені, өндіріс тек қана әлдебір өнімді шығару процесі емес, бұл бастан аяқ жан-жақты ойластырылған, үлкен құрылым. Бұл құрылымда әр деталь өзінше роль ойнайды. Өнімнің сапалы болуы, тиімді болуы және ең алдымен сұранысқа ие болуы үшін қаншамалаған зерттеулер жүргізілуге тиіс. Соның барлығын атқаратын бұл ғылым.

Қазақстанда да өндірісті интеграциялау, оны ғылыммен ұштастыру мәселесі жиі көтеріліп келеді. Әсіресе, өндірістік тәжірибе туралы жиі айтылып жүр. Президент те, үкімет бұл мәселеге көбірек ден қою туралы тапсырмалар беріп жүр. Теориялық білім алған студент, салыстырмалы түрде айтсақ, кеменің қалай жасалатынын жатқа білетін, бірақ, оны жүргізе алмайтын теңізші сияқты. Сол себепті, оқу орнында оқып жүрген кезінен бастап ол әр алған білімін тәжірибе жүзінде сынап көруге мүдделі болуы тиіс. Оның үстіне, тәжірибе арқылы алған білім, көрген тәрбие адамның есінде тез қалады. Нәтижесінде, әр оқу бітірген түлек дайын, білікті маман ретінде жұмысын бастап кетеді. Бұл ең алдымен дипломды жастарды сергелдеңге салмай, оқу бітірмей жатып, арнайы шақырту алып, сенделіп жүріп алмай бірден жұмыс тауып алуға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки Шығыс Қазақстан облысындағы жетекші кәсіпорын басшыларымен кездесіп қайтты. Өскемен өндірісті қала екені белгілі, сол себепті, комитет төрағасының бұл қалада жүруі тегін емес. Ол КазЦинк компаниясының басшылығымен кездесіп, ғылым мен білімнің өндірісте, өнеркәсіпте интеграциялануын, қазіргі сәтімен болашағы туралы мәселе көтерді.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қайта өңдеу өнеркәсібінің жедел дамуын тек инновация және алдыңғы қатарлы технологиялар базасына жүзеге асыруға болады. Бұл – аксиома. Сондықтан қазақстандық экономика ғылым саясатындай болуы керек», - деген. Осы тұрғыда кәсіпорын, өңір әкімшілігі және университет арасында байланыс тетігі болуы керек. Ғылым туралы жаңа заманның мазмұны президент айтқан стратегияны қамтитын болады.

Кездесуде ғылым мен өндірісті, оқу мен тәжірибені ұштастыру жайы сөз болды. Онда айтылған негізгі мәселе оқыту мен өндірістегі сұраныстың ара салмағын анықтау мәселесі болды. Бұл өте өзекті мәселе. Себебі, біз қандай мамандық оқытып жатырмыз деген сауал осы күні өте өзекті болып қалып отыр. Президенттің айтып отырғаны да сол. Демек, біз ескірген, сұранысқа ие емес мамандықтарды емес, нақты өндіріс айналысып жатқан мамандықтарды игеруге, жай ғана игеріп қана қоймай, заманауи технологияларды меңгерген білікті жастарды тәрбиелеуіміз керек екенін айтпаса да түсінікті. Бұл тұрғыда өндіріс орындарының басшыларына қарата:

«ЖОО іргесінде кәсіпорын сұранысына  мониторинг жүргізетін қызмет болуы тиіс. Әлеуетті тапсырыс беруші сіздер. Теориялық тұрғыда ЖОО өндіріс саласындағы жаңалықтарды ұдайы тексеріп, қадағалап оны сіздерге ұсыну керек. Демек, ШҚТУ бүкіл әлемдегі технологиялық ноу-хауды қадағалап, өңірлік кәсіпорын мүддесіне икемдеу жолдарын қарастырады», - деп қалды Дархан Жұмақанұлы.

Иә, кез келген жетістік тәжірибе арқылы, өзгелермен бәсекелесу арқылы, айналаңды барлау арқылы келеді. Сондықтан, өзге ел не істеп жатыр, біз қай деңгейде тұрмыз деген сауал қай уақытта да күн тәртібінен түспеуге тиіс. Кездесу аясында ШҚТУ мен Казцинк қомпаниялары арасындағы тығыз байланыс пен жүйелі жұмыс сондай-ақ, өзара ірекеттестік жайлы тұжырым жасалды. Ғылым мен бизнестің өңірдегі жетекшілері студенттерді практикалық үлгіде даярлап,  индустриялық инновациялық келісім мен шешімдерді табуда бірігіп атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады.

Ғылымсыз дамымайтын тағы бір сала – ядролық өндіріс саласы. Мұнда әр бір қадам, әр бір тетік максималды дәлдікпен, мыңдаған формулалар арқылы іске асатыны белгілі. Дегенмен, мұндай өндірістердің стратегиялық маңызға ие болатыны түсінікті, сол себепті, мұндай орындарға екінің бірі кіре бермейді. Онда кіру үшін қаншама тексерулер жүргізіледі. Әлбетте, онсыз тағы болмайды. Сондықтан, онда көлденең көк аттыларды емес, болашақта осы салаға бір жола бет қоям деп тәуекел еткен жастарды іріктеп алып, өндіріспен таныстыруға мүмкіндік қарастырып көрген жөн.

Осы мақсатта Дархан Ахмед-Заки Үлбі металлургия зауытына барып, ондағы жұмыстармен танысты. Үлбі металлургия зауыты ядролық бағытта жұмыс істейді. Жоғарыда айтқанымыздай, «ҮМЗ»АҚ  ішкі заңнамалары мен белгілі шектеулері ескеріліп, өзара әрекет жасаудағы мүмкіндіктері қаралды.

Атаулы сапардың келесі күні Дархан Ахмед-Заки «УЗПА»АҚ кәсіпорының басшылығымен, ШҚТУ ғалымдарымен, «ОХМК»ЖШС басшылығымен кездесіп, мемлекеттік саясат алға қойған міндеттерді, яғни, өндіріс пен ЖОО-лар арасындағы байланысты нығайту, әріптестікті дамыту туралы мәселе көтеріп, алдағы уақытта осы мақсатта жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Кезесулердің соңында осы тақырыпқа артналған БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіп, қазірге дейін атқарылған, алдағы уақытқа жоспарланған шаруалармен бөлісті.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.