Интернеттен қолыңды тарт - "Сырым-Закиева" түзетулеріне қарсы митинг өтті

Айшолпан КЕРІМ

  • 23.04.2022

Бүгін Алматыдағы Махатма Ганди атындағы саябақта "әлеуметтік желілерді шектейтін" заң жобасына қарсы митинг өтті. Рұқсат етілген митингіге жүзге жуық адам жиналды.

Мінберден сөз сөйлегендер ел арасында “Сырым-Закиева” түзетулері деп аталып кеткен заң жобасы сөз бостандығын шектейтінін, түзетулерге қарсы екенін жеткізді. 

Алғашқы болып сөз сөйлеген құқық қорғаушы Татьяна Чернобиль кибербуллинг деген сылтаумен шын мәнінде құжат "интернеттегі ақпаратты бақылауды көздейтін” заң жобасына қарсылық білдіріп, әлі де толықтырулар керек екенін айтты, заң жобасының авторларынан әлі де болса “кибербуллинг” деген сөзге нақты анықтама беруін талап етті.

"Кибербуллинг мәселесін қолданушы құқықтарын шектемей-ақ, әртүрлі амалмен шешуге болады. Біз интернетті бақылауды доғаруды талап етеміз. Кибербуллинг анықталған жағдайда интернет-ресурстар мен контент авторларының мемлекеттік орган талаптарына қарсы шағым түсіруіне мүмкіндігі болуы керек", - деді Чернобиль.

Жиналғандар “Еркіндік парламент заң қабылдаған жерде аяқталады" (Свобода заканчивается там, где парламент принимает законопроекты), “Қисық заң түзеуге жақсы”, “Енді менің Назикке кибербуллинг жасауға тыйым салмақсыңдар ма?”(Вы что теперь хотите запретить мне кибербуллить Назика?), "Ресейдегідей болсын дейсіздер ме?",”Көз жетпеген жерге сөз жетеді”, "Мен енді мысықтарды қайдан көремін?" (Ну и где мне смотреть на котиков?) деген мәтіндегі жтб плакаттар ұстай келген.

Заңгер, азаматтық белсенді Әйгерім Құсайынқызы Батыс елдеріндегі кибербуллингпен күрес амалына тоқталып, әлеуметтік желіні бұғаттау туралы заң жобасының ҚР Заңына қайшы екенін атап өтті.

Әйгерім Құсайынқызы

"Кибербуллинг - әлеуметтік желілерде сіздің қадір-қасиетіңізге, абыройыңызға нұқсан келтіретін зорлық-зомбылықтың бір түрі. «Бұл жағдайда ар-ожданымды мемлекет қалай қорғай алады, буллинг жасаушыға қатысты қандай жаза қолдану керек?» деген сұраққа «Интернетті блоктау арқылы» деп жауап береді. Әлемнің дамыған елдері кибербуллингпен жасанды интеллект арқылы, ақпараттық-құқықтық заңнама күреседі. Ал бізде ұсынылып отырған заң жобасы біздің Конституциямыздың 20-бабында көрсетілген Сөз бостандығы туралы заңғы қайшы", - дейді ол.

Митингіге аталмыш заң жобасына қарсылықтан бөлек, қаңтар қырғынында қуғынға ұшырап, қамауға алынғандарды босатуын талап ете келгендер де болды.

Ал Factcheck.kz сайтының бас редакторы Думан Смақов президент Қасым-Жомарт Тоқаевты құжатқа вето қоюға шақырды. Смақовтың сөзінше, құжаттағы ережелер жұмсартылғанымен, әлеуметтік желілер мен мессенжерлерді шектеуге жол ашады. 

 

Байланысты жаналықтар

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023
MalimBlocks
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды