Ішкі миграция: Жастарға ауылдан жұмыс тауып беруге болады

Берік Жанатханұлы

  • 30.10.2020

Қалаға ауылдардан кетіп жа қандардың көбі жастар. Ішкі миграцияға қатысты бұндай пікір бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтылды. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай МЫРЗАХМЕТОВТЫҢ пайымдауынша, оған себеп ауылдар да бизнесті қолға алу қиындық тудырады екен.

Алайда, кәсіпкерлер палатасының басшысы бұл алыс аймақтарда кәсіп ашуға жағдай жасалмады деген сөз емес дейді. Бірақ бес жылға өңірлік бағдарлама қабылдау керектігін айтты.

«Ауылдық жерлердегі азаматтардың табысы қаламен салыстырғанда төмен болары белгілі. Бизнестің болмауы, кәсіптің дамымауы осыған да тікелей байланысты. Ауылдан азаматтардың үдере көшуінің негізгі себебі – жастар. Жастар өз болашағын қаламен байланыстырады, оқуын, қызметін қаладан көреді, қалаға ұмтылады. Сондықтан, ауылдан кетіп жатқандардың дені – жастар деуге болады», - деді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай МЫРЗАХМЕТОВ.

Түркістан облысына қарасты Тұрар РЫСҚҰЛОВ атындағы ауылдың тұрғыны Ислам ЖОЛБАСХАНОВ жиырма екі жаста. «Мейірім ерікті жастар» ұйымының жетекшісі Мырзахметов айтып отырған мәселенің барын растайды. Бірақ оның шешімі бар дейді.

«Қаладан жоғарғы білім алып келген жастардың ауылға қайта бейімделуі қиын. Өз басымнан бір ғана мысал айтайыншы. Мен қалада даяшы болдым. Еңбекақым тоқсан мың болатын. Ауылдағы айлығым алпыс мың ғана. Ауылдық жерлерде жұмыс орны аз. Бұл жерде мемлекеттік жұмыс қана және мал шаруашылығы ғана бар. Бәсеке көп. Бірақ бұл проблемаларды шешудің жолдары жоқ деуге болмайды. Менімше мемлекет жаңа механизм ойлап табуы тиіс. Ол үшін бұған ғылыми тұрғыдан келсе. Әр өңір, әр аймақты географиялық, экономикалық жағынан зерттеп. Шекаралық облыстарды бос қалтыруға болмайтынын үкіметте біледі. Осы бағытта жұмыстар да жасалып жатқанын білеміз. Бастысы ауылдарда өз өнімдерін сата алса. Жүн, тері, жеміс-жидек, ет пен сүтке сұраныс туғызып. Соларды сатудың механизмі жолға қойылса. Инфроқұрылым, демалыс орындары ашылса жастар ауылдан алыстай қоймас», - дейді Ислам Жолбасханов МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанның 59 %  халқы қалада тұрса, (11 087 503 млн ) 41 % ауылды жерлерде қоныстанған. (7 721 707млн) Дамыған елдерде ауыл халқының саны 10-20 пайызды ғана құрайды. Сондықтан статистика аса үрейлі емес. Бірақ шекарадағы жастарды шетелдердің тартуы тенденциясы ойлантады.

«Өкінішке қарай, Ресеймен шекаралас облыстарда арғы қабақтағы ресейлік облыстар нақты саясат жүргізіп отыр. Біздің соңғы 9, 10, 11-ші сыныптарда білім алып жатқан, түрлі олимпиадалардан көзге түскен оқушылардың тізімі бар, нәтижелі түрде сол оқушыларды өздерінде оқуға шақырып,  жағдай жасап отыр. Сондықтан, кешегі съезде айтылғандай, бұл арада бес жылға өңірлік бағдарлама қабылдаған жөн. Оны Мемлекет басшысы да айтып кетті. Әр өңір өзіне қажетті мамандықты, оған қатысты бәсекені білуі қажет. Шекарада отырғандарға тағы қосымша жергілікті бағдарлама арқылы көмек ашу керек, кәсіптің қалануына жағдай жасау қажет», - деді Абылай Мырзахметов.

Ресми мәлімет бойынша 2020 жылдың 1-мамырдағы есеп бойынша ауылдықтардың үлесі 41,2 % пайыз демек ішкі миграциядағы бұл қозғалыс. Алматы облысына қарасты Қапал ауылының тұрғыны Бақыткелді БЕКБОЛ ауылдарға жастарды тартудың тағы бір жолын ұсынады.

«Бұрын совет үкіметі кезінде Қапал өз алдына аудан болған. Кейін тоқсаншы жылдары экономикалық қиындыққа орай ақсу ауданына қосып тастады. Біз шекаралы аймақта тұрмыз. Қазір экономикалық ахуал жөнделді. 2018 жылы білесіздер біз сияқты шекарада тұрған Райымбек ауданы бөлініп, Нарынқол қайтадан аудан орталығына айналды. Содан кейін жаңа аудан түлей түсті. Жас мамандар тартылды. Халық саны өсті. Қаншама жұмыс орындары ашылды. Және бұл мемлекет қауірсіздігі үшін ең дұрыс шешім болды. Бізде бұрынғыдай жеке аудан болсақ ішкі көші-қон жақсы серіпін алып жастардың саны арта түсер еді. Оның сыртында басқа да игі істер жасалар еді», - дейді Бақыткелді Бекбол МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

«Ауыл» халықтың демократиялық-патриоттық партиясы Орталық апаратының жетекшісі Қуаныш СЕЙІТЖАНОВ ауылдықтардың қалаға жаппай кетуін яғни ішкі миграцияны реттеу елдегі көп проблемаларды шешер еді дейді.

«Бірінші ауылдағы халықты тұрақты жұмыспен қамту керек. Ауылшаруашылық дамыған сотүстіктің өзінде науқандық жұмыстарға ғана ауыл адамдары тартылады. Коперативтерді ашып жекенің қолындағы малды экомикалық айналымға енгізу керек. Тек ірі шаруашылықтарды ғана емес, кіші фермерлерге жеңілдікпен несиелер берілсе. Олардың барлығы жастарды жұмыспен қамтамасыз етуші еді. Мемлекеттік қолдау керек. Кейбіреулер бұл қайта совхоз құру деп ойлайды. Олай емес.  Бұл өндірістік сервистік коперация. Кіші фермерлер бірігіп жұмыс жасайды», -  дейді Қуаныш Сейітжанов МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.  

Фото автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024
MalimBlocks
Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!