Кәсіптік білім. 50 мың қосымша білім беру тапсырысы

  • 14.04.2023

 

Колледждерге 2023 жылдан бастап елу мың қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысы түсетін болады.

Бүгінде республикамыз бойынша кәсіптік білімге басты назар аударып отырғаны белгілі. Білім алушыларға жаңа оқу программалары мен техникалық оқу үлгілері және қоса практикалық білім мен тәжірибе жинауларына ерекше назар аударылуда. Сондай-ақ, студеттер білім алудың алғашқы жылынан бастап таңдалған мамандық бойынша көбіне практикалық тұрғыда сабақтар өтетін болады. Бұл білім алушылар үшін дайын маман мен сұранысқа ие кадр болып шығуы үшін, мамандығын толыққанды түсінуі мен тәжірибе жинаулары үшін үлкен мүмкіндік ретінде қарастыруға болады.

Колледждер және жоғарғы оқу орындарындағы студенттер үшін көбіне теориялық білімнен қарағанда практикалық үлгідегі сабақтар өту – тәжірибие мен мамандығына деген сүйіспеншілікті, сонымен қоса мамандығығың қыр-сырын игеруге ықпалын көп тигізеді. Бұл бастама бүкіл қоғамдағы білікті мамандар мен танымал қызмет көрсететін мамандық иелерінің шоғырын қалыптастыруға, сондай-ақ, олардың арасындағы бәсекелестікті арттыратыны анық. Ал, бәсекелестіктің артуы қа кезде де сапаның жоғарылауына ықпал ететін басты фактор екені айтпаса да ақиқат жағдай екенін көріп жүрміз.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті  Оқу жылы басталысымен сұраныс пен тапсырысқа ие мамандықтарға қатысты тегін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мемлекеттік тапсырысты бюджеттен 50 мың орынға көбейтуге бөлініп, жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, осы мемлекеттік тапсырыспен 130 мың адам білім алады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасымен осы жылы техникалық мандықтар үшін мемлкеттен 50 пайызға тапсырыс түсіп, ол, 2025 жылға дейін 70-пайызға ұлғайтылып отыр. Электротехника және энергетика, механика мен металл өңдеу, электроника және автоматтандыру, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу мен пайдалану сияқты бағыттарды студенттердің 52 мыңнан астамы таңдап отыр», - деді Департаменттің директоры Ернат Жүнісов.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдан бастап жұмыспен қамтитын орындар мен кәсіпорындардың тапсырысы  мен сұранысына йе мамандарды мақсатты даярлау енгізілген болатын.  Мемлекеттік тапсырыспен оқитын студенттер шәкірақымен, жол ақысы және тамақ ақысымен қамтылған.Сондай-ақ кәсіпорындардың өтінімдерімен 10 мың студент қабылданған. Осы жылға тағы 10 мың студентті қабылдап, даярлау жоспарланып отыр.

Бул туралы Оқу-ағарту министрлігінің мүдделі мемлекеттік органдардың, құрылыс саласы кәсіпорындарының басшыларының, жергілікті атқару органдарының, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының басшылықтарымен елдегі құрылыс саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде бірлескен отырыста мәлім болды.

«Бүгінгі таңда құрылыс саласы бойынша кадрларды даярлауға елдегі 224 колледжінде мақсатты жүргізіліп отыр. Ол жерде 22 мыңға жуық білім алушы оқиды және оның 88-пайызы мемлекеттің білім тапсырысымен»,-деді Вице-министр Еділ Оспан.

Сондай-ақ жыл сайын құрылыс мамандығына сегіз мыңнан аса адам түседі және түлектер арасынан 60-65 пайызы жұмысқа орналасады. Бүгінгі таңда колледждер академиялық дербестік алған, бұл түлектерге жұмыс берушілермен бірігіп кәсіптік стандарттар мен нарық талаптары бойынша білім берудің бағдарламасын әзірлеуге үлкен мүмкіндік береді. Кәсіпорындардың тапсырысы бойынша кадрларды даярлау басталып кеткен. 2022 жылғы кәсіпорындардың өтінім берулері бойынша жалпы саны 7727 адам қабылданып, ондағы 2250 адам құрылыс мамандығы бойынша даярланған. Сонымен қатар ендігі мақсат жыл сайын кадрларды даярлау көлемі өсіп 10 мың талапкерге дейін ұлғайтылады.

Талқылауға индустрия және инфрақұрылымдық даму, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының өкілдері мен «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтың жұмыс берушілері қатысқан болатын. Талқылауда білім алушылардың дуальді оқытумен қамтуды арттырып, еңбек жағдайлары мен жас мамандарды қолдау шаралары айтылды. Осы мақсатта Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан керекті шешімдер мен қабылдау барысындағы кадрларды дайындау үшін өзекті мәселелерді талқылау мақсатта диалог алаңы құрылатын болады.

Білім саласындағв реформаның тар шеңберде қалып қалмай, өзге де салалармен байланыс орнатып жатқаны қуантады. Себебі, бұл бастамадан келетін игілік өте көп. Білім тәжірибемен ұштасқанда ғана мықты маман, нағыз шебер адам дайындап шығуға мүмкіндік пайда болады. Және сондай мамандардың жұмыссыз қалмауына жағдай жасалады.

Кәсіпкерлер мен кәсіпорындармен бірлесе отырып, сұранысқа ие мамандарды даярлау ел экономикасына құйылатын үлкен инвестиция. Студенттердің заман талабына сай, озық технологиялармен, керекті мәліметтермен практикалық тәжірибе арқылы танысады, оқуды аяқтаған күннен жұмысқа бірден ден қоя алады.

Осы тұрғыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау, және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп,жаңа кәсіптерді игеріп, .немі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабылетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс», - деген болатын.

Жастарымызды кәсіп пен кәсіпкерлікке, бәсекеге қабілеттілігін арттырып, заман талабына сай ұшқыр, өткір болуы өте маңызды. Ел экономикасына айрықша үлес қосатын маман тәрбиелеу болашаққа деген маңызды қадам.

Кәсіп – адамның жеке қабілеттілігі мен бейімділігіне қарай, ынтасына қарай бір іспен айналысуы. Сол сияқты кәсіптік бағдар берудің де маңызы -  мұғалімдердің, психологтардың, дәрігерлер мен қоғам үшін маңызы зор мамандардың қоғам қажеттілігін ескеріп әрбір білім алушының қабіліттілігі мен бейімділіктерін ескере отырып, кәсіптік қызығуы, жігері мен ынтасын, кәсібилігін қалыптастыруға сонымен қатар, мамандық таңдауына көмектесуде жүйелі атқаратын жұмыс.

Кәсіптік ақпарат алудың негізгі нысаны  мектеп табалдырығынан басталады. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап оқушының бейімін анықтап, осы мақсатты арнайы сауалнамалар мен диагностикалық карталармен жұмыстар жасалады. Әрбір оқушының жеке дара қабілітін анықтап және оған дұрыс бағытты таңдауға жол сілтеу – үлкен міндет. Кәсіптік ақпарат арқылы  білім алушы түрлі мамандықтардың маңыздылығы мен оның қоғам үшін мәнін түсінуге мүмкіндік алады. Болашақта өзіне келетін, бейімділігіне қарай мамандықты таңдауға дайындықты бастай алады.

Осы істе педагогтерге қажырлы еңбек пен үлкен жауапкершілікті артып отырмыз. Осындай  мақсатты істе жауапкершілікті алып,  үлкен тұлға қалыптастырып, жан-жақты білім беруден аянып қалмастары анық. Келешек маман иесіне жол сілтеп, көкжиектерін кеңейтетініне сеніміміз мол.

Байланысты жаналықтар

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024
MalimBlocks
Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.