Колледждердегі жаңа типтік оқу бағдарламалары

  • 10.04.2023

         

Былтырғы президент жолдауында айтылған бір мәселе – кәсіптік, техникалық мамандықтардың сапасын арттыру жайы. Көптеген оқушылар түрлі колледждерді бітіргенмен, өзінің дипломына жазылған мамандықты 100 пайыз меңгеріп шықпай жататыны, оөу бітіргеннен кейін жұмысқа тұрып, бәсекеге қабілетті маман болып шыға алмайтыны жасырын емес. Бұл туралы жолдауда да айтылды. Осыған орай, бұл мамандықтарды оқытатын оқу орындарына реформа керек-ақ. Қазіргі таңда бұл бағытта алғашқы жұмыстар жүргізіліп те жатыр.

Техникалық және кәсіптік білім департаменті басшылығының хабарлауынша 2023 жылы 1 қыркүйектен бастап колледждерге жаңа үлгілік оқу бағдарламаларын енгізіледі. Бұл бағдарлама 6 бағыт пен 16 пән бойынша жүргізіледі. Ол бағыттар қатарына әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық, техникалық-технологиялық, аграрлық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар кіреді.

Жаңа үлгідегі оқу бағдарламасы бойынша жұмыс беруші талаптары және өңір ерекшеліктері мен сағат саны, тақырыптардың мазмұны 25 пайызға дейін өзгеруі мүмкін.

«Жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламаларында білім алушылардың ынтасын мен қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін бейіндік бағытты ескеретін болады. Ол мамандыққа бағытталған кәсіби қызығушылықтың дамуына ықпалын тигізеді. Арнайы тақырыптарға арналған зерттеулер жүргізу үшін мысалы «көлем» тақырыбын алсақ, мұғалім толық түсіндіріп зерттеу мақсатында, сабақты қозғалтқышы бар шеберханада өткізе алады. Мұғалім оның қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, студенттермен бірге қозғалтқыш және жану камерасы сияқты элементтерінің сызбасын қарастырады. Білім берудің бұл әдісі маман үшін өте маңызды», - деді департамент директоры Ернат Жүнісов.

Колледжге тапсыратындардың 80 пайызы дерлік 9-сыныптың түлектері. Оларға бірінші жылы жалпы білім беретін пәндерді оқытады. Екінші жылдан бастап мамандыққа арналған пәндерді сабақ кестесіне кіргізеді. Колледждер енді жалпы орта білім берудің үлгілік бағдарламаларын емес, студенттер таңдаған мамандыққа бағытталған практикалық сабақ негізінде оқытылады. Студенттер көбіне арнайы тақырыптармен, ғылыми практикамен айналысқаны маман болып қалыптасуына үлкен септігін тигізері анық. Көптеген компаниялар мен мекемелерден сұранысқа ие маман даярлау үшін студенттерге көбіне практика жақсы көмек берері анық. Елімізде тоғызыншы сыныптан соң колледжге кетушілер саны артып келеді. Олардың дайын кадр болып шығуын толыққанды қамтамасыз ету мақсатынды оқу үлгілерінде біраз өзгерістер болатынын ескерсек, коллдежді тәмәмдаған түлектердің де дап-дайын маман болып шығуына енді еш күмән болмасы анық. Еліміз бойынша мыңнан аса коллдеж өз жұмысын жасап отыр. Олардың ішінде басым бөлігі: гуманитарлық және технологиялық, көпсалалы, экономикалық, технологиялық, педогогикалық бағытта білім беретін коллдеждер.

Айта кету керек, Қазақстандық білім жүйесі бойынша колледжге түскен студенттердің оқу ұзақтығы кәсіптік білім беру мамандығына байланысты, орта білім алынғаннан кейін екі не үш жылды, ал орта мектептің тоғызыншы сыныбынан соң 4 жылдан артық емес оқытылады.

Байланысты жаналықтар

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

22.09.2023

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

20.09.2023

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

20.09.2023

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

18.09.2023
MalimBlocks
Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

Министерство высшего образования разработало проект: родителям предлагают копить на учебу детей по системе "Келешек", сообщает Sputnik.kz.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

Қатты соққының әсерінен мұрыны сынып, ота да жасатқан

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

Алматы облысы Талғар ауданында ауруханада қайтыс болған марқұмның туыстары жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін ұрып кеткен.

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.