Мал қора маңындағы мектеп

Абай Нұржанұлы

  • 04.11.2020

Қызылорда облысыынң басшысы Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА мен Шиелі ауданы әкімі Қамбарбек МҮБӘРӘКОВ Ақтам деген ауыл барын біле ме?

Қызылорда облысында оқушылар мал қоралардың маңындағы екі бөлмелі мектепте оқып жатыр. Саусақпен санарлықтай балалар білім алатын шап-шағын білім ұясы Шиелі ауданының Ақтам ауылында орналасқан. Бірақ кішкентай мектепте заман талабына сай интерактивті тақта, мультимедиалық кабинет, тіпті балалар ойнайтын алаң атымен жоқ.

Шиелі ауданынан әрірек 15 шақырымдай жердегі Ақтам ауылындағы мектепті мектеп деп айтуға келмейді. Ескі үйдің төбесіндегі көк ту ғана өзге жатаған тамдардан ерекшелендіреді. Айналас амал қора,  шарбағы шеңгелден, кішкене ғимараттың өзі де әбден ескірген.

Шеңгелмен қоршалған аулада ойнауға арналған ештеңе болмағандықтан оқушылар үзіліс кезінде қуаласпақ ойнайды.

Қоңырауы қолмен соғылатын мектепке цифрландырудың әзірге ауылы алыс секілді. Өйткені 6 оқушы оқитын білім ұясына білім бөлімінен тек жалғыз түйір планшет бөлініпті.

«Сабақ беретін кезде қиындығы бір сыныпта 1-ден 4-ші сынапқа дейінгі оқушылар отырады. 40 минутта бүкіл сыныпқа сабақты сұрап та, түсіндіріп те үлгеруім керек. Негізі бөлек-бөлек оқығаны дұрыс қой»,-  дейді мұғалім Сандуғаш КЕРШЕБАЕВА.   

Ал тиімділігі әр баламен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік бар дейді барлық пәннен сабақ беремін деген ұстаз. Оқушылар аз болғанымен бұл мектепте 4 мұғалім бар. Тіпті 3 техникалық қызметкер де бөлінген. Ал білім бөліміндегілер  мұнда тек бастауыш сынып оқушылары ғана оқитынын айтады.

Шиелі аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Дәурен  НӘСІБЕКОВТЫҢ айтуынша, Ақтамда халықтың өсімі жоқ. Оқушылар 5-сыныптан жоғары қарай аудан орталығындағы интернатқа ауысады екен.

Бұл ауылда 50-ден аса жан тұрады. Көбі мал бағып күнелтіп отыр. Ал 2, 3 және 4-сыныптың оқушылары қуықтай бөлмеде әзер сыйысып оқып жатқан ескі ғимаратқа күрделі жөндеу қажет. Бірақ жыл өткен сайын жойылып бара жатқан ауыл облыс басшылығының назарына ілігер емес.

Фотолар автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Шиеліде оқушы қызды зорлау ісі бойынша тергеу басталды

29.04.2025

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

23.04.2025

Мұғалім кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінді

21.04.2025

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

25.03.2025

Қымбат сағаттар, көлік пен кортеж: Қызылорда облысының әкімі тағы да сынға ұшырады

21.03.2025
MalimBlocks
Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Шиеліде оқушы қызды зорлау ісі бойынша тергеу басталды

Оқиғаның қай мектепте болғаны айтылмады

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысы Шиелі ауданында балтамен әйелін бірнеше рет ұрып, саусақтарын шапқан мектеп мұғалімі қамауға алынды

Мұғалім кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінді

Қызылорда облысында биология пәнінің мұғалімі әйелге аяусыз шабуыл жасады деген күдікке ілінді​​​​​​​

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

Қызылорда облысында, Тасбөгет кентінде ер адам қызғаныштан жұбайын соққыға жыққан

Қымбат сағаттар, көлік пен кортеж: Қызылорда облысының әкімі тағы да сынға ұшырады

ұл жолы аймақ басшысы Шиелі ауылына құны 41 миллион теңгеден басталатын Chevrolet Tahoe жол талғамайтын көлігімен келді