Мажоритарлық жүйе арқылы халықтың сайлауға сенімі артты

Malim Админ

  • 08.12.2023

Соңғы жылдары елімізде саяси реформалар жасалып жатыр. Күлбілтелемей ашығын айтсақ, батыл қадамдар, әрекеттер бар. Бұның біразы былтырғы референдумнан кейін жандана түсті. Оған қатысып, қолдау көрсеттім. Түркістан өңірі сайлаушыларының 80 пайызымен бірге таңдау жасадым. Тек Түркістан халқы емес, әр қазақстандықтың ойы маңызды деп ойлаймын. Қазақстан үшін жақсы өзгерістер болатынына сенімдімін. Өзіме жылы қабылдаған өзгерістерге тоқталайын.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту жөніндегі тармақ  жергілікті деңгейдегі елді мекендерде халықтың таңдауын айқындауға берілген мүмкіндік. Яғни лауазымына лайық болмаған әкімді орнынан алып тастауға жергілікті халықтың құқы бар. Өйткені, жергілікті мәслихат депутаттарын халық сайлайды. Өз кезегінде билік те халық алдында атқарылатын жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға тырысатын болады.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл бастамалар туралы біраз ойларын айтқан болатын. Мажоритарлық жүйе халықтың сайлауға деген сенімін қайта оятады деп ойлаймын, яғни, мұндағы мақсат – сайлауға деген халықтың сенімін қайтару. Сол арқылы қоғам болсын, халық болсын мемлекетті басқарудағы белсенділігін және сенімін арттыруға жол ашылады. Сонымен қатар алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау халықтың билікке деген сенімін күшейтуге және әкімнің халық алдындағы есептілігін күшейтуге, ауыл әкімінің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына жедел ден қоюын арттыруға, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді деген пікірмен келісемін.

Қазір елімізде жастарды қолдайтын бағдарламалар, қолдаулар бар. Кейбірі одан хабарсыз. Шардара ауданында осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде жеңілдетілген шағын 2,5% несие бойынша 16 жас оң қорытынды алып, қаржысын алды. «Жастар практикасы» бойынша 413 жас, «Алғашқы жұмыс орны» бойынша – 51, қоғамдық жұмысқа тартылғандары – 146, әлеуметтік жұмыс орындарына – 58, «Бастау бизнес» бойынша 22 жас, тұрақты жұмысқа орналасқандары – 457 жас. «Жасыл ел»  жастар еңбек жасағына 15 жас қамтылса, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 8 жас, оның ішінде         4 жасқа үй алуға, 4 жасқа бір жолғы көтерме жәрдемақы беру жоспарланып, құжаттарын дайындауда.  Сонымен қатар ОАОО білім алуға бөлінген мемлекеттік гранттар    саны – 425, 11 сынып – 225 грант, 9 сынып – 200 грант толық игерілді.    «Серпін-2050»  бағдарламасы бойынша   37 жас оқуға түсті. Жастардың саяси үрдістерге араласуы өте құптарлық. Дегенмен, бірінші кезекте білім және жұмыс қажет. Бұл ретте елдегі реформалар келешекте жемісін береді деген пікірді қолдаймын.

Б.Қалдарбек,

Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін