Мектепті басқаратын тұлғаларға талап күшеюге тиіс 

Malim Админ

  • 30.08.2023

Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған Тыныштық Сәбетқызы мектептің берекесі мұғалім мен директордың қарым-қатынасында деп біледі.

"Жұмысқа жаңа орналасқан жас мұғалім едім. Бір күні таңертең мектепке келсем, есік алдында мені көріп бөгеліп қалған Асанбай директорды байқадым. Үлкен адамның алдын кесіп өтуден ыңғайсызданып, тосыла беріп едім, "Сіз ұстазсыз, бірінші өтуіңіз керек" деп жол берді. Ұяла-ұяла алдын кесіп өттім. Кейін оңашада айтты. Оқушы алдында сізге құрмет көрсетпесем, сізді қалай оқушы құрметтейді!?" деді. Осы сөзі маған өмір бойы сабақ болды. Өзім директор болғанда да сол айтқанын ұмытқам жоқ",- дейді ардагер ұстаз.   

Бүгінде мұғaлiм мен директорға қойылатын талап күшті. Олардың сaн тapaулы қызметтерін тapaзылaудың жолдapы aз емес. Мезгiлдiң өзгеpiсiне сәйкес,  ұстaздapдың еңбегiн  бaғaлaп, бaқылaудың тың тәсiлдеpi  шығып жaтыp. Бұл күнi электpонды бaқылaу жүйесi кең қолдaнысқa ендi. Ұстaзғa қойылaтын тaлaп тa оқушының болaшaғынa қaжет екенi екібастан aнық. Шәкipттiң бiлiм aлу кезiнде ең бipiншi кездесетiнi мұғaлiм екенi  түсiнiктi. Зaңғa сәйкес, ұстaзды мектепке қaбылдaйтын дa мектеп диpектоpы. Бұл деген мұғaлiмдеp диpектоpға бағынышты деген сөз. Елiмiздің  мектептеpіндегi гимнaзия, лицей, оpтa мектеп болсын олapдың әдiс-тәсiлдеpiн, жaлпы қapым-қaбiлетiн ескеpу маңызды. Диpектоpдың aдaмгеpшiлiк ұстaнымдapы, мiнез-құлқы, pухaни бaйлығы,  мaқсaт-тiлектеpi көп aдaмғa тaныс емес.

Қазақстанда  енді тың бағдарлама іске асырылмақ. Ол отандық мектептер директорларын сапалық тұрғыдан дамытуға жол аша түспек.

Оқу-ағарту саласына жауапты министр Ғани Бейсембаев мектепке басшылық ететін адам  білім мекемесі  деңгейінде білім көрсеткішіне   жауапты болуы керектігіне айрықша екпін түсірді.   «Қандай жағдайда да  директор жауапкершілік міндетін   дұрыс сезінуі  маңызды.  Осы ретте мектеп көшін бастайтын тұлғаның  ұйымдастыру дағдысын білуі,  менеджментті меңгеруі  басшылық тізгінін алған соң  ғана  жүретінін байқаймыз.   Мектеп саны артса да, директорлардың аздығы   қатты байқалуда.  Жалпы, елімізде 300-ден астам директордың тапшылығы айқын сезіледі»,- дейді министр.  

Білім беру ісінің үздігі Сайраш Әбішқызы шетелдегі озық тәжірибелер туралы көптеген мақала жазған. «Қазақстан мектебі» журналын басқарған кәнігі журналистің пікірі елең еткізерлік. «Әлем елдерінің салыстырып айтатын болсақ, мысалы Германияда мектеп директорын тағайындау, іріктеу жүйесі нақты қалыптасқан. Осыдан біраз уақыт бұрын  педагог мамандардың тәжірибе алмасуы мақсатында  Германияның Диллинген шаһарына табан тіреген едік. Қазақстандық делегация  мұғалімдерді әзірлейтін, біліктілігін арттыратын академиямен уағдаластық орнатқан болатын.  Соның нәтижесінде 14 күн бойы көшбасшы елдің тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алдық. 

Құрылғанына  ширек ғасыр болған неміс академиясында 20  жылдан астам директорлық еткен  Л.Херинг есімді азамат   білім ошағының  жұмыс бағытымен  толықтай  таныстырып шықты. Бір ерекшелігі ол жақта мектеп директорлары ұзақ жылдар бойы әзірленеді екен. Кезең-кезеңімен мансап жолынан сүрінбей өтуге тиісті. Жергілікті білім министрлігі  мектепке басшы болатын адамды  қаншама үміткердің арасынан  талғап-таңдап алатынын көріп таң қалыстық.  Озат кадрлар осылайша сапалы курстардан өтіп барып,  мектептің  тұтқасын ұстайды.  Біздің елде де білім ордасын тізгіндейтін адамды осы секілді даярлау жолдарынан өткізуіміз қажет»,-дейді С.Әбішқызы.     

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін