Оралда «Батыс су арнасы» мекемесінің қызметкері басшының кабинетінде қайтыс болған

Орал қаласында «Батыс су арнасы» ЖШС учаске бастығы Талапкер Шалхабанов аталған мекеменің басшысы Ануар Аркеновтың кабинетінде қайтыс болған.

Есенжол Елекенов

  • 14.07.2023

Бұл оқиға кешкі сағат 17.30 шамасында болған. «Батыс су арнасы» ЖШС басшысы Ануар Аркенов марқұм Талапкер Шалхабанов жиын үстінде құлап қалғанын айтты.

– Оқиға менің кабинетімде болғаны рас. Жиналыс өтіп жатқан да Талапкер Шалхабановтың жүрек талмасы ұстап, құлады,- деді Malim.kz сайтының тілшісіне қысқа ғана пікір білдірген Ануар Аркенов.

Бірақ ол жедел жәрдем нешеде шақырғандарын, алғашында қандай медициналық көмек көрсетілгені жөнінде ештеңе айтпады.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдай бойынша әзірге қолдарында нақты мәлімет жоқ екенін айтты.

Ал Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметінде Талапкер Шалхабановтың өз кабинетінде қайтыс болғаны айтылған.

– С.Датов көшесі 4/4 мекен-жайы бойынша 14 шілде де сағат 17:30 шамасында «102» нөміріне 1963 ж.т. «С». есімді азаматтың өз кабинетінде қайтыс болғанды туралы хабарлама түсті. Бұрын жүрек ауруымен ресми есепте ауруханада тұрған. Марқұмның туыстарының ешкімге талап-арызы жоқ. Ешқандай іс қозғалмайды,- деді ведомствоның баспасөз қызметі.