Педагогтерді ынталандыру оң нәтиже беріп келеді

Елімізде мектепке дейінгі білім беру ісін ілгерілету мақсатында кешенді жұмыстар жүзеге асуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, педагогтердің еңбекақысын жыл сайын көбейту оң нәтиже беріп келеді.
Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім департаментінің таратқан ақпаратына сүйенсек, Президенттің пәрмен беруімен 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылға дейін тәрбиешілердің еңбекақысы жыл сайын 25% - ға артты. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы пайызға көбеймек. Осылайша, республикадағы тоқсан жеті мыңнан астам мұғалімнің жалақысы 2 жарым есеге артады.
Департамент басшысы Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдау көрсетуінің нәтижесінде іске асырылатын педагогтердің жалақысын жыл сайын арттыру оң серпін берген. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін арттыру мақсатында оларды дайындау, аттестаттау жүйесін жетілдіру, біліктілігін арттыру және әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру бойынша министрлік жүйелі жұмыс жасап келеді. Мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны мәлім. Әдістемелік кабинеттер қасынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұстаздарына әдістемелік жәрдем көрсету үшін мобильді топтар жасақталды», - дейді ол.
Айта кету керек, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы мен бағыты аясында кадрлар даярлау 39 университет пен 119 колледжде іске асырылады. Колледждер аймақтық ерекшеліктерді назарға ала отырып, мектепке дейінгі ұйымдармен бірге «Педагог» кәсіби стандарты негізінде білім беру бағдарламаларын дайындайды. Сонымен қатар, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарта алады. Педагогикалық колледждерге қойылатын біліктілік талаптары қайта бір қаралып, 2023 жылы мектепке дейінгі білім берудің 20 мыңнан астам ұстазы біліктілікті арттыру курстарын оқиды.
Оқу-ағарту министрлігі биыл тағы бір игі бастаманы қолға алды. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мұрындық болуымен 2023 жылғы маусым айынан бастап патронат тәрбиешілердің жұмысына берілетін төлемақы акөбейді. Бұрынырақта олардың еңбектеріне 60 мың теңге төленсе, енді әлеуметтік аударымдарды қоса есептегенде 35 айлық есептік көрсеткішке молайды. Яғни мамандар 120 мың теңге мөлшерінде айлық алады.
Комитет төрайымы Насымжан Оспанованың пікірінше, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың отбасына назар аудару мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне төленетін ақы көлемін арттыру бірқатар оң нәтижеге қол жеткізуге жол ашады. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін ақыны көбейту осындай санаттағы отбасыларда тәрбиеленетін ұл-қыздардың өмір сүру сапасын жақсартады деген пікірде.
Қазіргі таңда Қазақстанда отбасылық орналастырудың 4 балама түрі белгілі. Атап айтсақ, бала асырап алу, қамқоршылық, қабылдаушы және патронат отбасылар. Айта кетейік, интернат ұйымдарында үш мыңнан аса ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім бала тәрбиеленеді. Соңғы он жыл ішінде балалар үйінің саны 2 жарым есе, ал ондағы тәрбиеленушілер саны үш есеге кеміген. Бұл үрдіске интернат ұйымдарын денституционализациялау, отбасылық орналастырудың балама нысандарын ендіру сонымен қатар, жетім балаларды бағып отырған отбасыларды қаржылай қолдау саясаты ықпал еткені мәлім.
Осы бағыттағы оң бастамаларды әрі қарай да кешенді түрде жүзеге асыру мақсатында министрлік Патронаттық тәрбие туралы ережені қарауға алды. Құжатқа өзгерістер енгізіп, соның нәтижесінде патронат тәрбиешілердің жұмысына берілетін төлемақыны арттыру заңнама негізінде реттелді.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.