Президент бастамалары Әділетті Қазақстанның дамуына даңғыл жол ашты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін жергілікті тұрғындардың өздері тікелей сайлау бастамасын көтерген болатын.
Аталған заң жобаларына көпшілік пікір білдірді, ұсыныстарын айтты. Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауда айтылған ауылдық округ әкімдері сайлау талқыланып, қоғамның оң бағасын алды. Мемлекет басшысы Заңға қол қойды. Соның нәтижесінде еліміздің ауылдық округтерінде әкімдер сайлауы екі жылдан бері өтіп келеді. Өзім туып-өскен Отырар ауданында да бірнеше ауылда әкімдер сайланды. Референдум да жоғары деңгейде өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінде «Мәжілістің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы – конституциялық реформаның жалғасы. Былтырғы референдумда халқымыз бұл реформаға қолдау білдірді. Соның нәтижесінде еліміз өкілді билікті жаңа, әділ әрі ашық бәсекеге жол ашатын қағида бойынша жасақтауға көшті. Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады. Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты толық іске асады» деген болатын. Сол жоспар жүзеге асып келеді.
Еліміздің басты құндылығы – адам. Жалпы Жолдаулар да қоғамымыздың орнықты дамуы үшін ұлт саулығына ерекше мән беру мәселесі қозғалды. Медицина саласына инвестиция салуды арттырудың тиімділігі айтылды. Бала болашағының маңыздылығын арттыру үшін балабақшаның жұмысын жүйелеу, балалардың толық балабақшамен қамтамасыз етілуі, тәрбиеші жұмысының жауапкершілігінің артуы, тәрбиешінің әлеуметтік мәртебесін көтеру көрсетілді. Озық оқушының керемет келешегі үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қолға алынуы – саналы ұрпақтың сапалы білім алуына керемет мүмкіндік. Жолдауда айтылған барлық бастамалар мен бағыттар – Әділетті Қазақстанның дамуына даңғыл жол.
Жүсіпәлиева Гаухар,
Отырар өнер және саз мектебінің ақындар сыныбының мұғалімі
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.