Президент реформалары өскелең үрпақ үшін игі бастама болмақ
Тәуелсіздіктің ақ таңы бүгінгі бейбіт ел тұрғындары үшін ерекше бақыт. Елдің тыныштығы мен қазақстандықтардың жан-жақты дамуы үшін ел Президентінің атқарар рөлі өте зор. Оның әрбір реформасы оң нәтиже берсе, саясатының дұрыс бағытта екенін бағамдауға болады. Оның үстіне біздің елдің басты құндылығы адам болған соң, ұлт саулығы да маңызды. Бала болашағы үшін, оның жайлы білім алуы үшін бар жағдайды жасауымыз керек. Бұл бағытта мемлекет басшысы оразан зор жұмыс атқарып жатыр деуге болады. Соның ең маңыздысы ретінде реформаны айта аламыз. Қазақстандағы республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша өткені мәлім. Референдум дегеніміз халықтың таңдауы, демократиялықтың нышаны ғой. 5 маусым күнгі республикалық референдумға өңірдегі зиялы қауым өкілдері де бір кісідей атсалысты. Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ел болашағының жарқын болуына ерекше ықпал ететініне сенім білдірді.
Е Жарқын болашаққа деген үлкен үміт бар. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібі «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңда көрсетілген. Онда жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және тікелей қатысу құқығына негізделеді.Осы заң талаптарын негізге ала отырып, референдумды өткізуге азаматтар ерікті түрде қатысты. ң маңыздысы екі жыл ішінде реформа жемісін беріп үлгерді. Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік формасынан ықпалды парламенті бар президенттік формаға көшті. Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда жоғары лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Жер мен жер астындағы байлық халыққа тиесілі болды. Қазақстандықтар тікелей Конституциялық сотқа жүгіне алады. Қазақстанда өлім жазасы болмайды. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша қалыптасады. Сенаттағы президенттік квота қысқарады, Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутаттар болмайды. Императивтік мандат сайлаушылардың қалауы бойынша депутаттың өкілеттігін тоқтатуға мүмкіндік береді. Бұл рефорнмадан кейінгі дүние.
Ел Президенті VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында алдағы жоспарларды бекітті.
«Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Реформаларымыз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделді. Бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік. Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті. Кешегі сайлауда партиялармен қатар көптеген азаматымыз бір мандатты округтен өзін-өзі ұсынды. Осылайша, халқымыз маңызды өзгеріске өз үлесін қосуға дайын екенін дәлелдеді. Елімізде жаңа азаматтық, саяси мәдениет қалыптасып жатыр. Мен сайлауға белсене қатысқан барша азаматқа алғыс айтамын. Бұл науқан, шын мәнінде, бұрынғыдан ерекше, өзгеше болды. Сайлау науқаны шынайы бәсеке жағдайында, ашық өтті. Үгіт-насихат кезеңін және дауыс беру барысын ақпарат құралдары жан-жақты көрсетті. Партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді. Мұны отандық және шетелдік байқаушылар да айтып отыр. Қандай да бір саяси ұйымға артықшылық берілген жоқ. Президент ешбір партияның мүшесі емес. Облыс әкімдері партия бөлімшелеріне жетекшілік етпейді. Жоғары лауазымды қызметкерлер партия тізімінде болған жоқ. Яғни, барлық партиялар сайлауға бірдей жағдайда қатысты. Сайлаушылар да, үміткерлер де айрықша белсенді болды. Саяси партиялар әр аймақта ел назарын өзіне аудару үшін тартысқа түсті. Бірнеше рет тікелей эфирде партиялар арасында қызу және тиімді пікірталас болды. Бұл – демократиялық қоғам үшін қалыпты үрдіс. Мұның бәрі Қазақстанда ашық азаматтық қоғамның нығайып келе жатқанын көрсетті. Сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Біз айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз.
Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын-ала болжау мүмкін емес болды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді деп есептеймін. Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді. Енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретін болады. Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды. Сондай-ақ ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты. Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты. Еліміздің жастары әрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мәлім. Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу – өте маңызды мәселе. Олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс. Сайлау кезінде жас кандидаттар бірігіп, өз тобын құрғаны белгілі. Осы одақтың белсенді мүшелері Парламентке және мәслихаттарға өтті. Осылайша, өкілді билік тармағына саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр. Жастар мұны елімізді дамытуға берілген бірегей мүмкіндік деп бағалауы қажет» деді Мемлекет басшысы.
«Ұстаз болу — өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау»,- деп Хакім Абай айтқандай, уақытының өлшемі жоқ, сыр мол мұғалім мамандығын таңдағаныма өкінбеймін. Көзінің нұры жайнаған балалардың сенім шырағын маздатып, «білсем» дегенқұлшынысынқамшылап, білім жолындағы ізін айқын еткім келеді.
Қазіргі таңда мен қаламыздағы Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімімін. Өз білімім мен тәжірибемді жетілдіру үстінде тоқтаусыз талпыныс жасап, даму үдерісін жалғастырып жатырмын. Еңбек ету барысында бұл мамандықтың қызығы мен шыжығына батып, әрі жауапкершілігі мол екенін сезінудемін. Балалармен бірге болған әрбір сәтім мені жаңа әлемге жетелегендей болады. Шәкіртіне деген сүйіспеншілік, қамқорлық оның жүрегіне жол ашады. Ал мұғалімде бұл қасиеттің болуы ғажап ұстанымның бірі деп ойлаймын.
Оқушыларды үлкен биік белестерге жетелеп, қателігін түзеп, нағыз өмірге қадам басқан сәтінде жол көрсетуші болып, бар білімді бойларына сіңіру үшін және де батылдылық пен жауапкершілікті, ойларын ашық жеткізуге үйреткен міне осы мұғалімдер емес пе!?
Ең бастысы, осы салаға деген қызығушылық болса өмір атты үлкен баспалдақты қиналмай жүріп өтеді екенсің. Бұл ойдың қазірден маған қалыптасуына себепкер болған – әрине бірінші кезекте мамандығым мен сүйікті оқушыларым. Оған қоса ұстаздарымнан алған білімім мен үйреген білігім. Сондай-ақ ұстаздарым берген теориялық білімді практика барысында, өз тәжірибеммен ұштастырып, жаңа қырларыммен танылып келемін. Тәжірибе - мен үшін үлкен мектеп десем де болады. Тәжірибе жинау арқылы балалармен қалай жұмыс істеу керек, не қызықты, не жалықтырады бәрін - бәрін ұғынып келемін. Әр баланы ұғыну, жете түсіну үлкен шеберлік. Осындай бір шеберліктің менің бойымнан табылатыңдығы мені қуантады.
Жансая Шорабекова,
Мұғалім, Түркістан облысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.