Президенттің саяси реформалары саяси партиялардың белсенділігін арттырды

  • 22.06.2023

Президенттің саяси реформалары саяси партиялардың белсенділігін арттырды

Түркістан облысында аса маңызды саяси жұмыстар жүргізілді. Осы саяси реформалардың аясында өткен сайлаулар аймақтың экономикасын, әлеуеттік жағдайын, азаматтық қоғамын дамытады. «Аmanat» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев осылай дейді. Ол әділ сайлаусыз ешбір салада өсім де, береке де, бірлік те болмайды деп біледі: Еліміз дамудың жаңа табалдырығына беттеген жасампаз ел ретінде әлем назарын өзіне аударып келеді. Кейінгі бір жылда елімізде болған саяси өзгерістер, атап айтқанда, жалпыұлттық референдум, кезектен тыс президент сайлауы, парламент мәжілісі мен жергілікті деңгейдегі мәслихаттар сайлауы, тағы басқа өзгерістер «жаңа қазақстанды» бірге құру жолындағы нақты қадамдар.  Нақты саяси реформаларға жол бастаған жалпыхалықтық референдумнан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам алдында маңызды міндеттер тұрғанын айтқан болатын. Биліктің жауапкершілігін арттыру, елдің сайлау құқығын кеңейту бойынша нақты заңдар қабылданатынын айтты.  «Мемлекеттік аппаратты жаңғыртып, бюрократиядан барынша арылту үшін жүйелі жұмыс жалғасады. Біз қоғамның барлық өкілдерінің талап-тілектеріне жауап беретін озық  мемлекет құруымыз керек. Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады. Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуға тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі. Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек. Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл –  туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз. Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен үкімет конституцияға енгізілген өзгерістерге сай заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн. Біз қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін көріп отырмыз. Елімізге азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс. Еліміздің экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет. Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін мен арнайы жарлыққа қол қойдым. Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз. Құқықтық реформа аясында конституциялық сот қайта құрылады. Оның қаулыларына жедел әрекет ету тетігін енгізу қажет. Сонда азаматтарымыз осы аса маңызды институт қызметінің пайдасын сезіне алады. Жаңа, әділетті қазақстанда полицейлердің озбырлығына, біліксіз прокурорлар мен біржақты судьяларға жол берілмейді. Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінің шын мәнінде өзгергенін қалайды. Қастерлі тәуелсіздігімізді, ел бірлігін және қоғамдық келісімді нығайту – біздің негізгі міндетіміз. Бұл реформалар құр атақ-абырой үшін қолға алынған жоқ. Мұның бәрін жаңа, әділетті қазақстан құру үшін жасап жатырмыз. Халқымызда «кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген сөз бар. Бабаларымыз маңызды мәселені алқалы жиында шешкен. Мен осы дәстүрді жаңғыртып, ұлттық құрылтай құру туралы бастама көтердім. Оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылады. Құрылтайдың алғашқы отырысы ұлт ұясы – ұлытауда өткізіледі. Осылайша, азаматтардың мемлекет ісіне атсалысу мүмкіндігі арта түседі. Шын мәнінде, еліміздің тағдыры – әрқайсымыздың қолымызда», деді мемлекет басшысы. Осы бағытта елімізде, сонымен қатар, түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстар ұшан-теңіз. Халқымыздың әл-ауқатын көтеруде «amanat» партиясы өткеннен сабақ алып, бүгінімізді әділ бағалап, болашағымызға бағдар жасайтын мезгіл жетті деп санайды. Партия төрағасы ерлан қошанов: «aманат» партиясы – бұл президентіміздің қоғамдық тірегі. «amanat» партиясы – бұл реформалар партиясы және жаңа қазақстанның жасампаздығы. Құрметті партияластар, бізді үлкен сынақтар, үлкен науқандар күтіп тұр. Еліміз бен президентіміздің бізге берген сенімін, аманатын бәріміз бірігіп, абыроймен атқарайық» деген болатын. 

Түркістан облысында да аса маңызды саяси жұмыстар жүргізілді. Сайлауға бақылаушылар әзірленді, білімдері көтерілді. 2022 жылы өткізілген референдумда өңірде 18 штаб құрылды.  Облыстық, аудандық, қалалық деңгейде партия филиалдары жанынан 500-ге жуық адам тартылды.  Олар 110 мыңға жуық сайлаушыны қамтитын, 1500-ге жуық кездесу өткізді. Әр кездесуде референдумның мәні мен мағынасы түсіндірілді. Нәтижесінде сайлаушылардың 81 пайызы дауыс беруге қатысып, Түркістан облысы республика көлемінде сайлауға қатысушылар санынан бірінші орынға шықты.  Референдумнан кейін өткізілген Қазақстан Республикасының президентін сайлауға, кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын қолдау мақсатында құрылған, халықтық коалиция қатарында да, облыстық филиал жемісті жұмыстар атқарды.  Құрамында 524 адамы бар, облыстық, аудандық, қалалық штабтар құрылып, олар сайлаушылардың 76 пайызын қамтитын, 4 800-ден астам кездесу өткізді. Сайлау маңызды екені түсіндірілді. Әрбір елді мекенде кездесулер ұйымдастырылды. Осы жұмыстар арқылы сайлаушылардың 80,4 пайызы сайлауға келіп, таңдауларын жасады. Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлына, 86 пайызы дауыс берді. Облыста жаңа конституцияға сәйкес, мәжіліс депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.  Сайлауға облыстық филиал қызу дайындық жүргізіп,   916 адамнан тұратын облыстық, аудандық, қалалық штабтар құрды. Штаб мүшелері барлық аудан, қаланы аралады. Сайлаушылардың 62 пайызын қамтылды, 4 500-ден астам кездесу өткізді. Партия атынан мәжіліс депутаттығына 4 кандидат, 33 кандидат облыстық мәслихаттың, 238 кандидат аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттық мандаттарына ие болды. Қоғамды ауыл әкімдерінің сайлауы қызықтырды. Өйткені, ауыл әкімдері елмен тікелей жұмыс істейді. Әр ауыл өз көшбасшыларын біледі.  2021-2022 жылдары Түркістан облысында 98 ауыл әкімінің сайлауы өтті. Сайланған әкімдердің 95 пайызы (93-і) «Аmanat» партиясының мүшесі. Биыл 44 ауыл әкімінің сайлауы өтеді деп жоспарланса, бүгінге дейін 27 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті. Сайланған ауыл әкімдерінің 93 пайызы (25-і) «Аmanat» партиясының мүшесі. Алдымызда аудан, қала әкімдерінің сайлауы тұр. Біз бұл сайлауларға да, белсенді қатысып, іскерлігімен көзге түсіп жүрген, тәжірибелі, ел алдында беделі бар  кандидаттарымызды ұсынатын боламыз. Ел болашағы мықты басшының, бірлігі бекем халықтың, жігерлі жастың, білімді ұрпақтың арқасында ғана жарқын болары сөзсіз. Халықтың тұрмыс- тіршілігін жақсарту, өмір сапасы мен табысын арттыру мақсатында іске кіріскен «Аmanat» партиясының жүгі ауыр. Бүгінде партия мүшелері әр салада қажырлы еңбек етіп, ел дамуына өз үлестерін қосып келеді. Жүйелі түрде жоспарлар бекітіліп, әртүрлі бағыттарда жұмыстар атқарылуда. Азаматтық қоғам қалыптастыру негізінде халық қалаулылары жұртшылықпен етене араласып, елдегі күрмеулі мәселелерді шешуге тікелей ықпал жасап жатқаны партиямыздың басым бағыттарының бірі десем, қателеспеймін. «Аmanat» партиясының сайлау алды бағдарламасын іске асыру бойынша  Түркістан облысының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын және бюджет мүмкіншілігін ескере отырып, 4 негізгі басымдық айқындалды. Бірінші, «табысты арттыру» Түркістан облысында 2 миллионнан аса халық тұрады. Халықтың 80 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Облыс экономикасының басты саласы – ауыл шаруашылығы. Өңіріміз мақта, жеміс-көкөніс өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады. Республикада салынған жылыжайлардың 71 пайызы Түркістан өңіріне тиесілі. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін ескере отырып, бірнеше маңызды шараларды іске асыру жоспарлануда. Екінші, «өмір сапасын арттыру». Өздеріңізге белгілі, облыста демографиялық өсім жоғары. Мектеп тапшылығы бар. Облыста жалпы білім беретін 998 мектеп болса, оның ішінде 15-і үш ауысымды және 7-еуі апаттық жағдайда. Алдағы 5 жылда жаңа 96 мектеп ғимаратын салу жоспарлануда. Оның ішінде, «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 63 мектеп салынады.

Денсаулық сақтау саласында 45 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді. Үшінші, «өмір сүру жағдайын жақсарту». Соңғы 4 жылда облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды дамуда. Өткен жылы 864,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде, «қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 57 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 3 475 пәтер тапсырылды. Халықты қажетті инфрақұрылыммен толық қамтамасыз ету бүгінгі таңда өзекті мәселе. 833 елді мекеннің 113-і ауыз сумен, 368-і табиғи газбен қамтылмаған. Бұл проблеманы алдағы 5 жылда кезең-кезеңімен шешу жоспарлануда. Жергілікті маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 17 504 шақырым,  қанағатты жағдайдағы үлесі 92%-ды құрады. Жол сапасын жақсарту мақсатында 2027 жылға дейін 96 шақырым жолды реконструкциялау және 1,4 мың шақырым жолды жөндеуден өткізіп, қанағатты жағдайдағы үлесін 96 пайызға жеткізу көзделуде. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында облыста құрылған 192 жедел әрекет ету топтары арқылы отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Алдағы 5 жылда жергілікті полиция қызметкерлері видео регистратормен толық жабдықталатын болады. Сонымен қатар, 60 полиция учаскесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 350 елді мекендегі негізгі көшелер жарықтандырылатын болады.

Төртінші, «экологиялық ахуалды жақсарту» бағытында газ отынымен жұмыс істейтін қоғамдық көліктер санын көбейту. Түркістан қаласы аумағындағы жасыл белдеуді дамыту, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын санитарлық талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілетін болады.

 сонымен қатар, жол картасында партиялық жобалар аясында іске асырылатын іс-шаралар да қамтылып отыр. Облыс тұрғындарының саны 2,1 миллионнан асады, оның 75,5%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Сол себепті, «ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несиемен жыл сайын 2 жарым мың кәсіпкерге микрокредит беруді жоспарлап отырмыз. «жер аманаты» жобасы аясында өткен жылы 1 млн. Гектар жер ортақ жайылымға қайтарылған болатын. 2027 жылға дейін 490 мың. Гектар жерді қайтару жоспарлануда. Сонымен қатар, облыста 185 мыңға жуық зейнет жасындағы азаматтар тұрады. «ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында алдағы 5 жылда 400-ден астам ардагерге түрлі деңгейдегі көмектер көрсетілетін болады. Сондай-ақ, өңірімізде 400 мыңға жуық отбасы бар болса, оның 182 мыңы көп балалы отбасылар. «бақытты отбасы» жобасы аясында жедел әрекет ету топтары арқылы отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асыратын боламыз. Ал, өз кәсібін ашамын деушілерге мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар, пайызы төмен несиелер беріп, тұрақты жұмыстарға орналастыру арқылы мұқтаж отбасылардың санын азайтуға күш саламыз.

Қазіргі таңда облыста 97 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 4 300-ге жуығы 18 жасқа толмаған. «кедергісіз келешек!» жобасы бойынша алдағы 5 жылда 6,7 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамтуды көздеп отырмыз. Облыс бойынша 3 100-ге жуық нысан бейімдеуден өтіп, мектептердегі инклюзивті білім беру деңгейі 100 пайызға жететін болады. Одан бөлек, Кентау қаласында 200 орынды мүмкіндігі шектеулі ересек азаматтарға арналған, Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылында 50 орынды мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталықтары пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта да «аманаттықтардың» жарқын болашақ пен жайлы өмір орнату жолында аянып қалмайтыны анық.

Жалпы, жол картасында көзделген іс-шараларды сапалы орындау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Қабылданған шаралар және атқарылған жұмыстар халықтың әл-ауқатын жақсартуға оң серпін береді деп есептейміз. Білімді ел, берекелі отбасы құндылықтарына аса жауапкершілікпен қарай отырып, Түркістан өңірінде де өзекті мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып келеді. Жергілікті мәслихаттарда партия мүшелері өңірді дамытуға, халық тұрмысын жақсартуға күш салуда. Осы мақсат жолында партия Қазақстан президентінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толықтай жүзеге асыру үшін оған жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан «әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды» деген. Әрбір қазақстандық азамат лайықты білім мен медициналық көмек алуына, жеке қауіпсіздігінің қорғалуына, ыңғайлы әлеуметтік ортада өмір сүруіне толықтай құқылы дейтін болсақ, бұл ретте де партиямызға артылған жауапкершілік жүгі ауыр. Осыған орай, Түркістан облысы бойынша жалақы мәселесін, жұмыссыздықтың нақты статистикасын жүргізіп, оң нәтижелерге тезірек қол жеткізу үшін күресіп келеміз. Партия аталған проблемалардың шешімін тауып, тың идеяларға ашық, сыни және креативті ойлай алатын ізденімпаз азаматтарға қолдау көрсетуде. Алдағы 5 жылда жастар практикасымен  56 мыңнан астам, «алғашқы жұмыс орны» жобасымен 15 мыңнан астам, «жасыл ел» еңбек топтары арқылы жыл сайын 1300-ге жуық жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысы қазақстанның қалыпты дамуында қоғамда қордаланған әлеуметтік, тұрмыстық мәселелер билік пен халық диалогы арқылы, қоғамдық келісім аясында шешілгені абзал екенін атап көрсеткен болатын. Белсенді азаматтық ортадағы пікір еркіндігі, демократиялық қағидалар салтанат құруы үшін азаматтар парасатты әрі саяси сауатты болуы тиіс. Ел болашағына алаңдайтын азаматтарды ынталандыруда әр сала бойынша толыққанды қолдау болғанда ғана тұрақтылық пен тұтастық орнығады деп санаймын. Өңіріміздегі әр азамат жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға, әділетсіздік пен заңсыздықтардың, жемқорлықтың алдын алуға, құбылмалы заманда еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына тірек болуы тиіс. Түркі әлемінің рухани астанасының биік беделіне сызат түсірмей, салауатты да сауатты орта жасай алатынымызға сенемін!  Руханият саласы – ұлт мәйегі ретінде әр аймақта серпін алуда. Осыған орай, облыс көлемінде зиялы қауым өкілдерінің басын қосып, жастарға тағлымды өнеге беруге үлес қосу да партияның басты міндеті. Сондай-ақ, заң мен тәртіпті ту еткен Түркістан облысындағы тұрмыстық және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары да белсенді жүргізіліп келеді. Қоғамда жаңа құқықтық мәдениет қалыптастыру біздің басты ұстанымдарымыздың бірі екені анық. Құрылғанына 5 жыл болған мерейлі кезеңде Түркістан облысының жаңа экономикалық бағдары халық тұрмысының жақсаруын қамтамасыз ететін болады. Мұндағы ашық бәсекелестік, бизнесті дамытуға және инвестиция тартуға жағдай туғызу арқылы тың жобалар қуатты экономика құруға оң әсер тигізіп келеді. Бұл тұрғыда «аманаттықтар» жергілікті билік өкілдерімен тізе қосып, тиімді ұсыныстарды мемлекет тарапынан қолдауға мұрындық болатыны облыс тұрғындарының көңіліне үміт ұялатады. Мемлекетті алға жетелеуде барлық бағытты қамти отырып, қарқынды істерді қолға алған «Аманат» партиясының мақсаты айқын. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Біздің алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген жаңа әділетті қазақстанды құру міндеті тұр. Уақыт әлемдегі геосаяси ахуалды сәт сайын өзгертіп жатыр. Бұлжымастай көрінген халықаралық қатынастар, қоғамдық құндылықтар, әлеуметтік, адами байланыстар бастарынан үлкен сынақты өткізуде. Осындай тарихи, жауапты кезеңде, ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт келді. Себебі, мемлекеттің дербестігі, ұлттың азаттығы, қоғамның еркіндігі – ешқашан, ешнәрсеге айырбасталмайтын ұлы құндылық. Мұны еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біліп, бағалауы тиіс. Тәуелсіздік – біздің бойтұмарымыз. Тәуелсіздік – талай тар жол, тайғақ кешуден өткен халқымыздың қолына қонған бақыт құсы. Біз бұған дейін мемлекетіміз қол жеткізген табыстарға қаншалықты үлесімізді қоссақ, жіберілген қателіктер үшін де соншалықты жауапты екенімізді терең түсінеміз. «Аmanat» партиясы өткеннен сабақ алып, бүгінімізді әділ бағалап, болашағымызға бағдар жасайтын мезгіл жетті деп санайды» деп бастау алатын партиямыздың саяси тұғырнамасы халық игілігіне бағытталған өзгерістерге негізделген. Бұл ретте президентіміздің саяси реформалары саяси партиялардың белсенділігін арттырды. Түркістан өңірінің өзінде саяси мәдениет қалыптасып, мықты мәслихаттар жасақталды.  «тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – әділет, бағдарымыз – бірлік» ұстанымына біріккен барша қазақстандықтарды, түркістандықтарды баянды болашақ жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырамыз!

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.